Мойынқұм ауданында қуаттылығы 1 ГВт болатын ЖЭС салынады

Мойынқұм ауданында қуаттылығы 1 ГВт болатын ЖЭС салынады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Астана қаласында франциялық Total Eren компаниясының басшылық өкілдерімен кездесті.

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрлігі инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Ардақ Зебешев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ басшылары да қатысты.

Басқосу барысында Мойынқұм ауданында қуаттылығы  1 ГВт болатын жел электр стациясын салу жобасы талқыланды.

Компанияның вице-президенті Антуан Гарре өздерінің табиғат тазалығына құрметпен қарайтындықтарын жеткізіп, жобаның қоршаған ортаға әсерін азайту бағытында зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол жобаға қолайлы жерді анықтау үшін негізгі және балама орындар қарастырылып отырғанын атап өтті.

Аймақ басшысы жергілікті билік жобаға қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, әкімдік тарапынан жер телімін бөлу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы тоқталды.

- Бұл жоба біз үшін де маңызды. Оған жер телімін бөлу үшін тиісті заңға өзгерістер енгізуге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Мәселені жедел шешу бойынша министрліктердің  қолдауына ие болып отырмыз. Біз жобаны табысты іске асыру үшін компаниямен бірлесіп әрекет етуге дайынбыз,-деді Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік, компания өкілдері  26-27 сәуір күндері Тараз қаласында өтетін  «ZHEIF-2023» халықаралық инвестициялық форумға қатыспақ.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 32
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 92
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 95
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 209
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 422
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 385

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9078
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8476
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11704
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9467
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10685