Мүмкіндігі шектеулі жандарды демейтін орталық

Мүмкіндігі шектеулі  жандарды демейтін орталық

Алматы  қаласының «Шапағат» көпсалалы оңалту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне, денсаулығын оңалтуға бағытталған шараларды жүзеге асырады.Орталықта 18 жастан І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға сегіз түрлі бағытта әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. 

Орталықтың материалдық базасы орталық сенсорлық бөлме, эрготерапия, физиотерапия, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, емдік дене шынықтыру, механотерапия мен кинезотерапия, жаттығу залы мен жуынатын бөлме, массаж кабинеттерімен қамтылған. Медициналық блокта емдік дене шынықтыру, уқалау бөлмесі, оқшаулау, физиоемдеу, дәрігер мен емшара бөлмесі бар. Орталық директоры Нұрзия Ағабекқызының айтуынша, «Шапағат» көпсалалы оңалту орталығы бүгінгі таңда 56 мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетіп отыр.

Мұнда қызмет алушыларды ыждағаттылыққа, тазалыққа баулу, өз-өзіне қызмет көрсетуін жетілдіру, жаны жаралы жандардың өмір сүруге деген құлшынысын оятып, дүниетанымын кеңейту, әдемілікке тарту, еңбек ету қабілетін арттыруда  әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, дәрігерлер, психолог, еңбек терапиясы нұсқаушылары секілді 27 қызметкер еңбек етеді. Олар қызмет алушыларға тек медициналық және оңалту шараларын жүргізумен шектелмейді. Онан бөлек, ғимарат ішін жарымжан жандарға отбасындағыдай жағдай қалыптастырып, жылылық, әдемілік, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтындай етіп безендірумен айналысады. Оған орталықпен танысу барысында көз жеткіздік.

– Бізге келетін адамдар – ерекше жағдайдағы жандар. Сондықтан мамандарымыз олардың әрқайсысының ерекшеліктеріне сәйкес арнайы жоспар бекітіп, сол бойынша жеке-жеке жұмыс жасайды. Қызмет алушыларымыздың әр сағаты, әр сәті жоспарлаулы. Таңертең арнайы жаттығулар жасаумен басталатын әр күн түрлі ем-шараларға толы. Олардың қимыл-қозғалысын дамыту мақсатында мамандарымыз уақытпен санаспай жұмыс істейді. Әсіресе, еңбек терапиясының маңызы зор. Бұл мақсатта сурет салып,   қолөнермен айналысудың пайдасы мол, – дейді директор.

Әлеуметтік-медициналық, психологиялық қызметтер дәрігердің нұсқаулығымен әр адамның жағдайына қарай жүргізіледі. Қимыл-қозғалысынан айырылған адамдар үшін массаж, басқа да қалпына келтіретін ем-шаралар тағайындалады. Мүгедектігі бар жандар ерекше күтімді қажет етеді. Орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға кіріктіру және ата-аналардың жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Осы орайда заманауи орталық көптің көкейінен бірден шықты. Қызмет алушылардың ата-аналары дән риза. Ата-анаға өте қолайлы. Сегіз сағаттық күн тәртібінде жұмыс жасайтын орталықтың тыныс-тіршілігі жоспарлы түрде өтеді.

Орталықта емдік дене шынықтыру тек қана дәрігердің тағайындауымен және ЕДШ нұсқаушысының қадағалауымен жүргізіледі. Емдеу дене шынықтырудың әдісін және құралын таңдау үшін аурудың ерекшелігі және қызмет алушының жағдайы есепке алынады. Емдік дене шынықтыру залы заманауи тренажерлармен жабдықталған, – дейді  «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Құрманғали Мәмбетов.

Берекелі істің басында білікті басшы тұратыны белгілі. Бұл орайда мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығының басшысы Алимбекова Нұрзия Ағабекқызын өз ісінің шебері, ұтқыр ойлы басшы деуге негіз бар.Нұрзия Ағабекқызы – 2007 жылдан бастап әлеуметтік салада еңбек етіп келе жатқан маман. Сондықтан саланың қыр-сырына қанық екені сөзсіз. Оның бойындағы ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, көпшілдік қасиет ұжымды ұйыстырып, берекелі тірлік тінін тарқатуға септігін тигізуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік жасап, олардың оңалуына үлес қосып отырған орталықтың алға қойған мақсаты да айқын.

 

ГАУҺАР ТҰРСЫНҚОЖА
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 75
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 275
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 271
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 892

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8969
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8363
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11589
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9347
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10573