МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылғы Жолдауларында мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасау мәселесі айрықша назарға алынып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус орнату мәселесі еліміздегі «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында да анық көрсетілген. Сондықтан олардың қоғамға араласып, қажетті нысандарға емін-еркін кіріп шығуына қолайлы жағдай жасау –басты міндет.
📌Қала әкімінің халықпен кездесулерінде де осы мәселе жиі көтеріледі. Соған орай, бұл бағытта облыс орталығында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
🔹Айталық, «Шапағат» корпоративтік қоры «Ұлы Дала» (15) ықшамауданындағы үш үйге (№1038/2; №1193/7; №1127/17), «Арай-2» алқабы №18 және №1 үйлерге пандус орнатты. Бұл пандустардың ерекшелігі – электрондық жүйемен қамтамасыз етілген. Яғни, бір ғана батырманы басу арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына жағдай туғызады.
🔹Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков «Ұлы дала» ықшамауданындағы үш үйге орнатылған электронды пандустарды көріп, сапасына мән берді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандармен тілдесіп, орнатылған пандустардың қалай жұмыс жасайтынын тексерді.
Өз кезегінде игі іске тұрғындар да ризашылық білдірді. Солардың бірі – 1-топ мүгедегі, «Ұлы дала» ықшамауданының тұрғыны Ернар Сертеков.
– Бұл мәселе талай уақыттан бері айтылып келді. Қала әкімімен болған кездесулерде де сан мәрте көтерілді. Енді бүгін, міне, соның орайы келіп, оң шешімін тауып отыр.
Жолдасым екеуміздің де мүмкіндігіміз шектеулі. Әсіресе, келіншегіме пандус болмаса, далаға шығу өте қиын. Сондықтан бұл біз үшін үлкен көмек болды. Осы ретте қала басшылығына ризашылығымды білдіргім келеді, – деді шаһар тұрғыны.
Тараз қаласының әкімдігі
20.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540