Мұндай бастама ТМД елдерінде болған жоқ

Мұндай бастама  ТМД елдерінде болған жоқ

Кезекті дөңгелек үстел барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, профессор Бүркітбай Аяған мырзаға бірнеше сұрау қойдық. 

– Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін неліктен мемлекеттік комиссия құрылды? 

– Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы мемлекеттік деңгейде қолға алынғанына екі жылдан асып барады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы қарашада «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» арнайы жарлық шығарды. Қазақстан секілді жаппай репрессияға ұшыраған елдер көп. Дегенмен қазірге дейін бірде-бір пост Кеңестік елде мұндай деңгейде қаралып жатқан жоқ. Не Орталық Азияда, не Ресейде. Яғни саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мұндай бастама ТМД елдерінде болған жоқ. Біздер секілді қуғынды, қолдан жасалған аштықты көрген Украина еді. Олар архивтерді ашып жіберді. Біраз жұмыс істелді. Біздің бір айырмашылығымыз: мемлекеттік деңгейде қаулы шығарып, топ құрып, ғылыми негізде кірісіп жатырмыз. Мұның кереметтігі сол.

 

– Тәуелсіз ел ретінде мемлекет басшысы «ақталсын» деген бұйрық шығара салса жетпейтін бе еді?

– Істі болған қыруар адамдардың арасында шын қылмыскерлер де бар. Соларды айырып қарастыру керек. Дегенмен бұл жалпы істі болғандардың 5-7 пайыздайы болуы мүмкін. Ұрлық жасаған, адам өлтірген, басқа да қылмыс жасағандар кездеседі. Сондықтан ғылыми зерттеулер барысында архивтен кездескен мұндай істерді бөліп тастап отырамыз. Онан кейін сексоттар бар ғой. Бірін-бірі көрсеткендер бар. Оларды қалай көрсетесің? Сондықтан ондай істерді категорияға бөліп қарастыру керек. Олар «құпиясыздандыруға» жатпайды. Дегенмен 80-90 пайыздайы кінәсіздер. Сондықтан комиссия бұларды бөліп тастап отырады. Екіншіден, ғылымға керек. Комиссияның ойы — зерттеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін заңды құжат дайындауға ықпал ету. Кәдімгі заң қабылдай ма? Парламент шешім қабылдай ма. Ендігәрі біздің қазақ даласында мұндай нәубет болмасын деген арнайы саяси акты керек. Сондықтан сіз айтқандай «ақтай салу, аша салу» деген жараспайды. 

 

– Жұмыстың басталғанына екі жылдай болды. Алайда пандемия кезіне тура келді ғой, жұмыс қашанға дейін созылуы мүмкін?

– Құдай қаласа, биыл жыл соңына қарай  болмаса келер жылдың басына қарай толық аяқталады. Ғалымдарға рақмет айтыңдар! Пандемия кезінде қалбалақтап жүріп архивтен шықпадық. Менің тобымда әйел адамдар бар еді. Аядым. Алайда барлығымыз тұмшаланып отырып жұмысымызды жалғастыра бердік. Қаңтарда да тоқтаған жоқпыз.

 

– Сіздердің жұмыстарыңызға кедергілер кездескен жоқ па?

– Біз ҰҚК-ның ІІМ-нің сот, прокуратура органдарының архивтерінде жатқан құжаттарды зерттеп шықтық. Бір қызығы, ҰҚК-ның адамдары өте жақсы көмектесті. Ал маған Ішкі істердің архивіне кіруде кедергілер болды. Ашпауға тырысты. Сонан ашуым келіп: «Айналайын, не тығып жатырсың? Сенің тығып отырғаның жоқ мемлекеттің қағаздары ғой. Ол біздің ата-бабамызды құртқан мемлекет болатын... Сендер неменеге соны қорғап отырсыңдар?..» – дедім. Полковник пе, майор ма, шені бар бір жігіт екен. Дегенмен біздің полицейлердің түсінігіне таң қаласың. Бұлар адамды адам деп санамайды. Қылмыстары ашылып қалады деп қорқатын сияқты. «Қаңтар қырғыны» кезінде соны дәлелдеп шықты ғой. Ұру, соғу, аямай сабау.... Сонан түзелгендей болды. Біздің жұмысқа Президент аппаратының көмегі көп тиді. Офис орталығы көмектесті.

– Рахмет!

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281