Биыл «Қазсушардың» техника паркі ірі су қоймалары мен каналдарды тазартуға арналған алты жаңа кемемен толығады

Биыл «Қазсушардың» техника паркі ірі су қоймалары мен каналдарды тазартуға арналған алты жаңа кемемен толығады

Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» РМК жыл соңына дейін алты жаңа жерснаряд сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл - су нысандарын лай мен шөгінділерден тазартуға арналған арнайы кемелер.

 Жерснарядтарды Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы мен «Машканалды» (Машиналық әдіспен су көтеру каналы), Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасын тазартуға, сондай-ақ Ақмола облысындағы Астана су қоймасын тазарту жұмыстарына пайдалану жоспарланып отыр.

 Айта кетейік, былтыр «Қазсушардың» Ақмола филиалына екі жерснаряд берілген болатын. Қазір олар Астана су қоймасын соңғы 55 жылда алғаш рет тазарту жұмыстарына пайдаланылып жатыр. Соның нәтижесінде нысанның сыйымдылығы 47 млн текше метрге ұлғайып, елорда тұрғындарын сумен қамту жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.

 «Жерснарядтар су шаруашылығы нысандарын тазарту жұмыстарының тиімділігін арттырады. Бұл каналдардың су өткізу қуатын жақсартып, су қоймаларында көбірек су жинауға жол ашады. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта Қазақстанның барлық өңіріндегі нысандарда жүргізіледі», — деді «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

12.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25059
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24594
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42026
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37891
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42349