Музыка мен цифрлық дәуірдің үндестігі: Алматыда инновациялық концерт өтеді

Музыка мен цифрлық дәуірдің үндестігі: Алматыда инновациялық концерт өтеді

Өнер мен жаңа технологияның шекарасы қай жерде тоғысады? Бұл сұрақтың жауабын 18 ақпан күні Алматыда өтетін «Әуенге айналған сезім» атты бірегей концерттен табуға болады. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында классикалық музыка тарихындағы соны соқпақ – цифрлық шешімдер мен жанды дауыстың үйлесімі паш етілмек.

Кештің басты ерекшелігі сахнада классикалық орындаушылық өнер мен заманауи цифрлық мүмкіндіктер арқылы шығармашылық тандем орнамақ. Халықаралық байқаулардың лауреаты Бауыржан Жылқыбаев бастаған Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті алғаш рет жасанды интеллектімен (ЖИ) бірлесе өнер көрсетеді. Бұл жай ғана техникалық көмек емес, нағыз шығармашылық эксперимент. Квинтет орындайтын шығармалардың өңдеулері толығымен ЖИ көмегімен жасалған. Тіпті, концерттің жекелеген бөлімдерінде арнайы әзірленген цифрлық дауыс солист ретінде бой көрсетпек.

Айта кетерлігі, бұл жоба «Жасанды интеллект және цифрландыру» жылы аясында жүзеге асырылып отыр. Осылайша, отандық мәдениет заманауи трендтерді тек қабылдап қана қоймай, оны классикалық аспаптардың нәзік үнімен шебер үйлестіре алатынын дәлелдеп отыр.

Кештің музыкалық бояуы өте қанық. Ақбар Қиарыстан, Ұланбек Ахметов, Асан Нарбота, Бауыржан Жылқыбаев бастаған кәсіби музыканттар тобы гитара үнін саксофон, фортепиано және кахонның екпінді дыбыстарымен үйлестірмек. Бағдарламада G. Kings, J. Cook сынды әлемдік есімдердің туындыларымен қатар, Нұрғиса Тілендиевтің жүректі тербейтін «Құстар әні» және басқа да авторлық композициялар орындалады.

Кештің мәртебелі қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жұбаныш Жексенұлы мен танымал композитор, әнші Ғазизхан Шекербеков мерекелік бағдарламаның мазмұнын одан ары байыта түспек.

12.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23397
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23058
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39197
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36577
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40695