Н. Нұржігітов: Аудан әкімдері «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда жекелей жауап береді

Н. Нұржігітов: Аудан әкімдері «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда жекелей жауап береді

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда халықтың табысын арттыру және инвестиция тарту жөнінде жиын өткізді.

Қазіргі жағдай мен биылғы жоспар жөнінде облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек баяндады. «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға 26 ауылдық округтің 72,8 мың тұрғынынан өтініш келіп түскен (24 млрд. теңге).

Жыл басынан бері 10 ауылдық округтің 722 тұрғыны 28090 бас мал сатып алған (67,7 % - ы біздің облыстан, 32,3 % -ы өзге өңірлерден). Ірі қара малды қолдан ұрықтандыру технологиясын ендіру нәтижелері де талқыланды. Биылғы жылға 5 886 бас ірі қараны қолдан ұрықтандыру жоспарланған.

Баяндамашы, сонымен қатар, Шу ауданындағы Жаңақоғам ауылы мен Мойынқұм ауданындағы Кеңес ауылдық округінде жобаны іске асырудағы аралық қорытындының талдау нәтижесін ұсынды.

Облыс әкімі анықталған кемшіліктерді түзетуді тапсырды.

Нұржан Нұржігітов аудан әкімдеріне «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда дербес жауапкершіліктерді ескертті.

— Аудан, ауылдық округ әкімдерінің, басқарма басшыларының нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуда нақты жоспарлары болуы тиіс. Ол үшін барлық округтер туралы деректерді қамтитын статистика мен талдауларды қадағалау қажет, - деп тапсырды өңір басшысы.

Күн тәртібінің екінші мәселесіне тоқталған Қанатбек Мәдібек межеленген жоспардан артта қалып келе жатқан аудандарға назар аудартты. Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңірдің экономикасына 89,1 миллиард теңге инвестиция тартылған, нақты көлем индексі 107,4 пайызды құрады.

Аймақ басшысы аудандардың әлеуетін пайдалана отырып, қосымша инвестициялар тартуды және туындайтын проблемаларды уақытылы шешуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
13.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 177
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 398
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 361
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 979

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660