Н. Нұржігітов: Ауыл әкімдері әр күн сайын бір үйге кіріп, жағдайымен танысуы тиіс

Н. Нұржігітов: Ауыл әкімдері әр күн сайын бір үйге кіріп, жағдайымен танысуы тиіс
 

Ауыл әкімдері әр күн сайын кем дегенде бір үйге кіріп, жағдайымен танысып отыруы тиіс. Осылайша бір жылда сол ауылдағы барлық отбасыны қамтып, олардың ахуалынан хабардар бола алады. Бұл туралы Талас ауданының даму жоспары талқыланған кеңесте облыс әкімі Нұржан Нұржігітов айрықша атап өтіп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Басқосуда  аймақ басшысы Ел Президентінің тапсырмаларына сәйкес тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру, ауылдағы әр отбасының тұрақты табысының болуы, жұмыссыздарды азайту секілді мәселелерге баса назар аудару керектігін баса айтты.

Жиында Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында қалыптасқан негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, алдағы жоспарлар жөнінде жан-жақты баяндама жасады. Оның айтуынша, ауданда жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі  10 млрд. 773 млн. теңгені құраған.

Аудан аумағында барлығы 23 елді мекен бар болса,  14 елді мекен газдандырылған (60,9 пайыз). Тағы алты ауылға көгілдір отын тарту үшін құжаттама жұмыстары жүргізілуде. Қалған үш елді мекенді газбен қамту мәселесі 2026 жылға дейін шешімін таппақ.

Сол секілді 16 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген (69,5 пайыз). Қазіргі таңда Қайыр, Ақтөбе, Арал елді-мекендерін (халық саны 200 адамнан аз) ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мембрандық қондырғы орнатуға және Тұрымқұл, Қожағаппар, Қараой, Сейілбек елді мекендері үшін ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 25 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда.

2022-2025 жылдар аралығында ауданда 7 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның төртеуі өңдеу өнеркәсібіне, үшеуі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл жобалар бойынша 711 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Бұдан бөлек осы жылдар ішінде 149 шағын жобаларды іске асыру көзделуде. Оның ішінде агроөнеркәсіп кешені  бойынша 60 жоба, балық шаруашылығы бойынша 4 жоба,  шағын кәсіпкерлік бойынша  85 жоба қамтылған.

Облыс әкімі жобалардың барлығын әр жылға және ауылдық округтерге бөліп, жоспарлау керектігін ескертті.

— Жұмыс істемей тұрғын кәсіпкерлік субъектілеріне талдау жүргізіп, зерделеу  қажет. Ауыл тұрғындарының табысын арттыруда кәсіпкерлікпен қатар ауыл шаруашылығына да баса назар аударған жөн.

Біз мәселелерді тек анықтап қоймай, оның шешілуі жолында нәтижелуі шаралар қабылдап, жұмыс істеуге тиіспіз. Барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер осы міндетті сезініп, түсінуі маңызды,-деді Н. Нұржігітов.

Аймақ басшысы ауданға қатысты жоспарлар мен мәселелер бойынша бірқатар басқарма басшысыларының да есебін тыңдап, аудандық бөлім басшылар мен ауылдық округ әкімдерінен жауаптар алды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 537
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799