NIS-те бағалаудың білім беру сапасындағы рөлі талқыланды

NIS-те бағалаудың білім беру сапасындағы рөлі талқыланды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Жаңа жағдайдағы білім беру» үшінші дөңгелек үстелі еліміздің түкпір-түкпірінен мыңға жуық мұғалімді жинады

 

Кездесу бағалау процесі туралы педагогтердің өзекті сауалнамасынан басталды. Алғашқы нәтижелер мұғалімдердің басым көпшілігі (бестен төрт бөлігі) бағалау білім берудің нақты сапасын көрсетеді деген сенімін айқындады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова сапалы әрі нақты баға оқушының дамуына, өзінің күшті немесе әлсіз тұстарын түсінуге, сондай-ақ мамандық таңдауға және жалпы болашағын анықтауға әсер ететінін атап өтті:

 

– Бағалау «Мен және тұжырымдама» ұғымының қалыптасуына, яғни оқушының өзі туралы түсінігіне әсер етеді. Мұғалімнің бағалауы, сыныптастар мен ата-ананың реакциясы өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады. Оқушының бағалаудағы «Мен» ұғымына қанағаттануы өзінің жеке маңыздылығы мен әл-күшін, барабарлығы мен пайдалылығын сезінуге, сондай-ақ осы дүниеге өзінің қажет екенін түсінуге ықпал етеді, – деп атап өтті Күләш Ноғатайқызы.

 

Күләш Ноғатайқызының тұжырымдары «Білім – 2030» жаһандық жобасы шеңберінде ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) зерттеу нәтижелерімен бекітілді. Жобаның ұлттық үйлестірушісі – NIS. Бағалаудың дәстүрлі модельдері өзгеріс үстінде, ал жаңа қалыпты жағдайда оқушылар өздерінің оқу процесін жақсартуға белсене қатысып келеді.

 

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Оқушыларды бағалау жүйесін жаңартылған білім беру мазмұнымен сәйкестендіру» бағыты бойынша «Орта білім беруді жаңғырту» кешенді жобасы іске асырылуда. Cambridge Assessment пен NIS-тің бұл жоба аясындағы әріптестік байланысының мақсаты – орта білім беру жүйесін дамытудағы халықаралық тәжірибе мен қазақстандық жетістіктердің бірігуі. Жобаның негізгі сарапшыларының бірі Анна Грин халықаралық бағалау стандарттары және оларға қалай сәйкес келу керектігі туралы ақпаратпен бөлісті:

 

– Лайықты бағалау – жақсы білім берудің темірқазығы. Біз емтихандарымызды әзірлеу барысында оқушылардың бойына сіңіргіміз келетін дүниелерді басты назарға аламыз. Олар: пәнді тереңінен меңгеру, концептуалды түсінік және жоғары деңгейлі ойлау дағдылары. Біздің бағалауымыз оқушыларды үлгерімі бойынша тиімді саралауға мүмкіндік береді. Біз оны әділ, валидті, сенімді және іс жүзінде мүмкін болатындай етіп өткіземіз, – деп атап өтті Cambridge Assessment сарапшысы. 

 

Дөңгелек үстелдің басында сауалнамадан өткен қатысушылардың басым көпшілігі стандарттарға сәйкестік мәселесі мектептерді бағалау деңгейінде де қарастырылуы керек деген пікірмен келісті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы орынбасары Ольга Можаеваның баяндамасы халықаралық деңгейдегі мектеп қызметін бағалау тәсілдерінің бірі – аккредиттеуге негізделді. Спикер халықаралық аккредиттеу процесінде мектептердің ішкі өзін-өзі бағалауын ерекше маңызды кезең деп атады. NIS мысалында Ольга Ивановна орта білім беру ұйымдары үшін өзін-өзі бағалаудың маңыздылығын талдады:

 

– Жалпы білім беретін мектептер Зияткерлік мектептердің өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау тәжірибесін қолданыстағы стандарттарға сәйкес өздерінің күшті және әлсіз жақтарын түсіну мен дамыту бойынша нақты шараларды жоспарлау үшін пайдалана алады. NIS әрбір мүдделі мектепке консультациялық, әдістемелік және әдіснамалық қолдау көрсетуге дайын, – деп қорытындылады Ольга Можаева.

 

Қазақтың ақыны әрі ұстазы Мағжан Жұмабаев өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде көпғасырлық салт-дәстүрлерді және халықтың педагогикалық мұрасын пайдалануды ерекше атап өткен. Өз еңбектерінде ол бүгінде енгізілген критериалды тәсілге сәйкес келетін бағалауды дұрыс түсіну туралы идеяларды бірнеше рет көрсеткен. Тәрбиелік аспект мұғалімнің сабақтағы қызметі арқылы көрінеді. Әдеби шығармалар мен математиканы біріктіретін қызықты тапсырмалар әзірлеу тәжірибесімен NIS-тің математика пәні мұғалімі Анар Баймурзаева бөлісті, ал өзін-өзі бағалау және кері байланыс арқылы оқу материалын терең меңгеруге ықпал ететін бағалау туралы мысалды елордалық №48 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлшат Капшаева ұсынды.

 

Педагогтардың бағалауға қатысты тұжырымдамалары мен пайымдауына мектеп оқушылары да шынайы пікірлерін білдірді. Айта кету керек, білім алушылардың көзқарасы әр алуан – бірі бағалау не істеу қажет және қандай бағытта қозғалу керек екенін түсінуге көмектеседі деп сенеді, ал бірі материалды игеру – ең маңызды үрдіс, ол үшін баға қою міндетті емес деп есептейді.

Дөңгелек үстел барысында ұсынылған материалдар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның жүйелік-әдістемелік оқу кешенінде жарияланады.

«Білім сапасын қамтамасыз етудегі бағалаудың рөлі» – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясында NIS-те өткен үшінші дөңгелек үстел.

25.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 106
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 119
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 346
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 347
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 578
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 521

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9225
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8622
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11847
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9617
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10830