Н.Нұржігітов: Балалардың бос уақытын алдымен өзіміз сапалы ұйымдастыруға тиіспіз

Н.Нұржігітов: Балалардың бос уақытын алдымен өзіміз сапалы ұйымдастыруға тиіспіз
 0

Өткен жылы  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі 119, 120, 121 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған болатын.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша, өткен жылы мемлекеттік спорт тапсырысына 142,3 млн.теңге бөлінген. Барлығы 17 спорт түрі бойынша 119 спорт секциясы жұмыс істеуде (10 590 бала).

Ал, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше,  былтыр мемлекеттік тапсырысқа 135,5 млн. теңге қаралса, бұл бағытта 239 шығармашылық үйірме (8560 бала) тіркелген.

Салалық басқармалар басшылары 2021 жылдың қазан-қараша айларында тапсырыс берушілер мен қатысушы балалардың саны күрт артқанын атап өтті. Қолданыстағы үйірмелер мен секциялардың қызметтеріне ай сайынғы шығындарды ескере отырып, қосымша қаражат бөлу қажет. Бюджет қаражатының болмауына байланысты, қазіргі уақытта қызмет көрсетушілерден өтінімдерді қабылдау және  балаларды тіркеу тоқтатылды.

— Бағдарламалар әкімшілері — мәдениет, спорт басқармалары – мемлекеттік тапсырыстың барлық жеткізуші-орындаушыларымен Меморандумға қол қоюы тиіс. Үйірмелер мен секциялардың қызметіне егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет.  Оларға нақты қанша бала қатысатынын анықтау керек. Сондай — ақ, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сындарлы диалог орнату қажет, — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы ауыл, қала, аудан әкімдеріне, мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

— «ArtSport» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер мәдениет үйлерін немесе спорт кешендерін жалға алған. Бұлай болмауы керек.  Одан да осы ұйымдардың штат санын көбейту туралы ойлану керек. Жыл сайын жаңа мәдениет және спорт нысандары ашылуда. Соларды ұтымды пайдалана отырып, алдымен біз өз күшімізбен балалардың  бос уақытын сапалы ұйымдастырып, содан кейін ғана кәсіпкерлердің мүмкіндігіне жүгіну керекпіз, — деп түйіндеді аймақ басшысы.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
23.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 538
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799