«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

Ағымдағы жылдың наурыз айының 14 күні №9 Меркі колледжінде «Наурыз» мейрамына орай, жастарға ұлттық салт - дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды байланыстыра насихаттап, дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында, наурыз мерекесіне арналған колледжішілік «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»  атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға ауданымыздың белсенді азаматтары, ақсақалдар алқасы, әлеуметтік серіктестіктер мен колледж ұжымы және студенттері қатысты. Колледж ұжымының қызметкерлерінен облыстан, ауданнан орын алған қызметкерлері, сондай-ақ студенттерінің «WorldSkills Merke-2023»  колледжішілік чемпионатында орын алған жүлдегерлері марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Әннен шашу шашылып, мың бұралған бишілер би билеп, әжелерімізбен бірге "Құрсақ шашу", "Бесікке салу", "Тұсау кесу" сынды салт-дәстүрлер көрсетілді.  Қазақтың арқан тартыс, асық ату ойындары ойнатылды. Күш атасын танымас дегендей, "қошқар көтеруден" жарыс өткізіліп, палуан болған жігіт марапатталды. Той-думан мерекесіне келгендер, колледж ұжымына алғыстарын айтты.

Ләззат Серікбай, Меркі ауданы
14.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5058
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5222
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20183
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18827
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22282