Нұр-Сұлтанда 11 мектеп оқу жылына дайын

Нұр-Сұлтанда 11 мектеп оқу жылына дайын

Соңғы жылдары еліміздің астанасына халық көп шоғырлануда. Халық көп жиналған жерге мектеп пен аурухана, балабақша, өзге де әлеуметтік құрылымдар, мемлекеттік органдар құрылысы қажеттігі айтпаса да түсінікті. Әсіресе Астанада балабақша мен мектептерге сұраныс күшті. Бұл әбден айтыла-айтыла жауыр болған дүние.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылатынын мәлім етіп, елді қуантты.

«Алдағы жаңа оқу жылында тағы 11 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша 20 мың оқушыға арналған білім ордалары ашылады. Мектепке деген қажеттілік бар екенін ескере келе, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оқу орындарының құрылысы айтарлықтай артты. Соңғы үш жылдың өзінде 34 мектеп салынды. Осылайша 70 мың оқушы орны ашылды.

Оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Мәселен, тұрғындардың өтініші бойынша №59 мектеп-лицейінің (Сауран көшесі) аумағында жаңа корпустың құрылысы басталды.

Қаланы аралау барысында Тұран даңғылы (қарқынды дамып келе жатқан аудан, Зам-Зам ТК ауданы, Е51 және Е69 көшелерінің қиылысы) бойында салынып жатқан мектепке бардым. Мектеп 4 мың орынға (2 ауысымда) есептелген.

Мектеп құрылысы үшін жеке кәсіпкерлер де жұмылдырылады. Мұның бәрін бюджеттің қаражатына жүктеуге болмайды. Оның үстіне ата-аналар тарапынан жеке мектептерге деген сұраныс та бар. Мысалы, «Emirates Global Education Group» компаниясының өкілдерімен кездестік. Олар өз қаражаты есебінен елордада «Sabis» халықаралық мектебі мен балабақша салып жатыр. Жалпы саны 3200 оқушыға арналады. Бұл мектепті келесі жылы ашуды жоспарлап отырмыз», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 373
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8436
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9424
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643