НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ КЕЛЕС АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАП, АЙМАҚТЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІН ЗЕРДЕЛЕДІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ КЕЛЕС АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАП, АЙМАҚТЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІН ЗЕРДЕЛЕДІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданына іссапары барысында Жүзімдік елді мекеніндегі «Оймауыт» су бөгетінің жай-күйімен танысты.
✔️«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы меншігіндегі бұл су бөгеті 1986 жылы пайдалануға берілген. Су өткізу қабілеті 285 м3/сек болатын бөгеттің ұзындығы – 30 метр. Іргелес жатқан егістік жер көлемі – 2,7 мың гектар. «Сейсмоқорғау» ЖШС мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымының қорытындысына сәйкес «Оймауыт» су торабы бүгінгі күні пайдалануға жарамсыз деп танылған. Осыған орай, жаңа бөгет құру үшін 6,5 гектар жер телімі алынып, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.
✔️Жалпы Келес ауданында мемлекет теңгерімінде жалпы ұзындығы 1 051,2 шақырымды құрайтын 148 канал және 144 қашыртқы бар. Қосымша аудан аумағынан өтетін Келес өзені бойында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты 3 су бөгеті және «Ақылбексай» су қоймасы тіркелген. Шаруаларға ағын суды уақтылы жеткізу және тасқын судың алдын алу мақсатында аудан аумағында орналасқан 66 шақырымды құрайтын 14 канал мен қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Ал биыл ұзындығы 87 шақырымға жуық 32 каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалаудан өткізу жоспарланған. Сонымен қатар қажеттілігіне қарай каналдарға күрделі жұмыстарын жүргізу көзделген.
✔️Аймақ басшысы Абай ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын бақылады. Құрылыс жұмыстарын «Корпорация АК ордасы» ЖШС 2023 жылдың маусымында бастаған. 1,5 гектар жерде орналасқан ғимараттың сыйымдылығы – 250 орын. Спорт ғимаратында түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік қарастырылған. Мұнда бокс және күрес залдары, конференция залы, жуыну және жаттығу бөлмелері мен асхана бар. Нысан биыл пайдалануға тапсырылмақ.
✔️Осы күні облыс әкімі Біртілек ауылдық округі, Оразата елді мекенінде орналасқан «Нұржан» шаруа қожалығының жылыжайына барды. Шаруа 0,62 гектар жерге лимон, қызанақ, қияр, қырыққабат, пияз, болгар бұрышы, баклажан және тағы басқа бақша дақылдарын егіп, көшеттерін шығаруда. Сонымен қатар көшеттердің жаңа сорттарын зерттеп, сор жерге арналған төзімді көшеттерді дайындайды. Жоба құны 100 млн. теңгені құраса, жылдық қуаттылығы – 2,5 млн. түп көшет. Жылыжайда 35 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылған. Өнімдер еліміздің ішкі нарығын қамтып қана қоймай, Тәжікстан еліне де экспортталады.
✔️Келес ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Нұралхан Көшеров өзекті мәселелерді назарға алып, аудан әкімі мен жауапты сала басшыларына су нысандарының жағдайын реттеуді, әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды, шаруаларға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
16.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 1262
МАҚТААРАЛДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФОН ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 19.02.2025 46
ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 19.02.2025 40
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 19.02.2025 60
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 19.02.2025 73

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 15411
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 14175
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 17475
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 16343
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 21400