Нұрлан Нығматулин Сохиба Гафаровамен кездесті

Нұрлан Нығматулин Сохиба Гафаровамен кездесті

Бүгін, яғни 29-ы қыркүйек күні, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Әзірбайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сохиба Гафаровамен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Әзірбайжан басшыларының уағдаластықтарын заң жағынан қолдау, сондай-ақ екі елдің жан-жақты өзара іс-қимылын дамытуға арналған мүмкіндіктерін атап өтті. Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова ынтымақтастық жөніндегі топтардың, тиісті комитеттердің бірлескен жұмысын жандандыруды, заңнамалық тәжірибе алмасуды қолдап, пікір алмасты. Кездесуде Мәжіліс төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжанмен қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік пен бауырлас халықтар арасындағы достық рухында нығайту үшін берік іргетас қалауға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакумен ынтымақтастықты тереңдетуге мән береді. Өз кезегінде, Әзірбайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафарова бауырлас елдерімізді түркі дүниесіне ортақ мәдениет, ортақ дәстүрлер, ортақ тарих байланыстыратынын атап өтті. Сонымен қатар, Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қорытындылары туралы айтқан Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова отырыста қабылданған шешімдер парламентаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ түркі елдері арасындағы жан-жақты ықпалдастықты дамытатынына сенім білдірді.

Ермек Сахариев
29.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5861
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6002
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20975
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19604
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23075