«Нұрлы жер» арқылы пәтерлі болуда

«Нұрлы  жер» арқылы пәтерлі болуда

Адам баласы үшін саналы ғұмыр кешіп, сапалы жұмыс істеу үшін бірінші кезекте өзіне жайлы баспанасы болуы маңызды. Мемлекет азаматтарды әуелі жайлы баспанамен қамтамасыз етіп, сосын жұмыс талап етуі тиіс. Осы мақсатта түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, бүгінде баспанамен қамтылған отбасылар қатары көбейіп келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін жер-жерлерде баспанамен қамту бағытындағы жобаларды жүзеге асыруды тапсырған болатын. 

Міне осы тапсырма аясында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысы Арыс қаласында жүйелі жұмыс атқарылуда. Мәселен Арыс қаласы бойынша 2025 жылға дейін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 97 іс-шараларды іске асыру жоспарланған. Атап айтар болсақ, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағыты бойынша биылғы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Арыс қаласы Көктем-2 шағынауданында 60 пәтерлік 1 тұрғын үй ( 3 мың ш.м) құрлысы аяқталып, пайдалануға берілді. Меже көрсеткіші толығымен орындалды.

Өмір сүру сапасын арттыру бағыты бойынша 2025 жылға дейін қол жетімді тұрғын үймен 288 отбасын қамтамасыз ету жоспарланған. Ал  биылғы жылы 108 отбасын қамтамасыз ету міндеттелген болса, ол толығымен орындалды. 

Ш.Мекенбайұлы
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5722
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5867
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20842
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19466
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22932