Нұржан Нұржігітов: Біздің негізгі міндетіміз - халыққа қызмет көрсету

Нұржан Нұржігітов: Біздің негізгі міндетіміз - халыққа қызмет көрсету

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданына барып қарлы боран және қатты дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.

Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары «Көкбұлақ» сумен қамту қоймасында электр желілерінің жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды.

Су қоймасының негізгі қызметі - «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорнын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету. Осыған айрықша назар аудартқан облыс әкімі желілерді реттеу жұмыстарын жедел әрі сапалы орындау керектігін атап өтті.

Келесі кезекте аймақ басшысы Жаңатас қаласының орталық жылыту қазандығында барды. Бүгінде қазандық штаттық режимде жұмыс істеуде. Қалаға жылу берілген. Қазіргі таңда 97 көпқабатты үйлер бойынша айналымды ретке келтіру, ауа шығару шаралары орындалуда.

Облыс әкімі орын алған төтенше жағдайдан сабақ ала отырып, қазандыққа қосымша электр желілерін тартудың маңыздылығын баса айтып, жауаптыларға бұл бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұдан соң Нұржан Нұржігітов зардап шеккен бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының, «Қазақтелеком» және «Қазпошта» торабының ғимараттарын аралап көрді.

Жалпы қалада қатты желден 9 нысан айтарлықтай бүлінген. Олардың барлығында күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Облыс әкімінің тапсырмасымен барлық жұмыстарға жергілікті мердігерлер тартылған.

Аймақ басшысының аудандағы сапары жедел штаб отырысында түйінделді.

Жиында барлық жауапты тұлғалардың есептері тыңдалды.

Аудандық РЭС мекемесінің мәліметі бойынша аудандағы 726 шақырым электр желісінің 62 шақырымы үзіліп, 10,5 мың бағананың 240-ы (156 жоғары, 84 төменгі кернеулі) құлаған. Бүгінгі күнге 51 шақырым электр желісі, 151 бағана қалпына келтірілген.

Қазіргі таңда аудандағы 25 елді мекеннің 23-не жарық берілді, оның ішінде, Жаңатас қаласы бойынша 97 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жарыққа қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Облыс әкімі барлық жұмыстар сапалы әрі жедел орындалуы керектігін ескертті.

- Барлық қалпына келтіру жұмыстары 10 күннің ішінде аяқталуы тиіс. 1-2 күнде Жаңатас қаласы толығымен және ауданның елді мекендері электр қуатына қосылуы керек. Осы мерзімде қалаға су, жылу толығымен берілуі қажет. Қаладағы әр үйге жылудың жетуін тексеріңіздер. Ішінара бүлінген нысандарды аудан бір күнде ретке келтіруі керек. Әр нысанға бір-бір мердігерден бекітілуі маңызды. Уақыт жоғалтуға болмайды. Елді мекендерді тазарту жұмыстарына да барынша көңіл бөліңіздер. Халық арасында түсіндіру, ақпараттандыру шараларын ұйымдастырыңыздар. Біздің ең негізгі міндетіміз - халыққа қызмет көрсету,-деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, облыс әкімі азық-түлікпен тапшылығын болдырмау мәселесіне ерекше назар аудартты.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде ауданға 17 мың бөлке нан жеткізілген.

Жамбыл облысы әкімдігі
07.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 144
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 181
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 178
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 144
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 506
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 463

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9162
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8560
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11787
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9556
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10768