Нұржан Нұржігітов: Тараз қаласының маңындағы елді мекендердің мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде

Нұржан Нұржігітов: Тараз қаласының маңындағы елді мекендердің мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласын аралап, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Аймақ басшысы алдымен «Победа» массивіндегі су құбырының құрылысын көрді. Жоба бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 109 150 метрді құрайды.

Облыс әкімі құрылыс жұмыстары суару жүйесінің жұмысына нұқсан келтірмеуі керектігін баса айтты.

Нұржан Нұржігітов Шөлдала массивінің тұрғындарымен кездесті.

– Тараз қаласының маңындағы массивтердің мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Атап айтсақ газдандыру жұмыстары жүргізіліп, су құбырлары тартылуда. Ендігі кезекте жолдарды жөндеуге кірісеміз.

Электрмен жабдықтау мәселесін шешу үшін 3 қосалқы станция салу жоспарлануда. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында массивте 600 орындық мектеп салынады, - дей келе облыс әкімі тұрғындарды мәселелерді шешуде жергілікті билікпен бірлесіп әрекет етуге шақырды.

Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов 100 орындық 34 «Бақыт» балабақшасына барды. Балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне жобалық-сметалық құжаттаманы сапалы әрі уақытылы дайындау жүктелді.

Бұдан кейін облыс әкімі Шөлдала тұрғын алқабындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының қызметімен танысты.

Жуырда ғана мұнда 8 төсектік күндізгі стационар ашылған. Облыс әкімі алқап тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен 100 пайыз қамтудың маңыздылығын атап өтті.

Су қоймасын аралау барысында облыс әкімі Шөлдала, Құмшағал, Қызылабад, Қазарма, Көлтоған, Жиделі және қала маңындағы 28 саяжайға су құбырларын тарту жобасымен танысты.

Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарлануда.

Аймақ басшысы Казарма ауданында салынып жатқан 180 орындық мектептің құрылысын аралап көрді. Облыс әкімі нысан құрылысын оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.Сондай-ақ, бұл тұрғын алапта дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Бұл туралы тұрғындар бұған дейін өтініш білдірген болатын.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нысан ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға берілмек.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі
11.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 177
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 398
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 361
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 978

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660