Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Тараз қаласы, Байзақ, Талас аудандарынан жазылған тұрғындар түрлі мәселелерді көтерді. Айталық, таластық көпбалалы ана жеке тұрғын үй құрылысы үшін Тараз қаласынан жер беруді сұраса, байзақтық азамат дүкен салу үшін орын керектігін жеткізді.

Ал, тараздық Сәкен Садықов өзінің қолөнер бұйымдарын және сүт өнімдерін сатумен айналысуға ниетті. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға оның ұсынысын жан-жақты зерделеп, мүмкіндігінше қолдау шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, жаттықтырушы Гузалия Гафурова спорт саласына қатысты жобаларын ұсынды.

Облыс әкімі барлық өтініштерді мұқият тыңдап, мәселелер заң аясында шешілетінін атап өтіп, жауаптыларға мүмкіндіктерді қарастыру бойынша міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
09.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14354
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14282
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29425
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28061
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31590