Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға Тараз қаласынан және Мойынқұм, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу ауданы және онлайн байланыс арқылы Астана қаласы мен Қордай ауданынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Атап айтсақ, Мойынқұм ауданының тұрғыны Насихат Шикетаева аудандағы мүгедек балаларға арналған мектеп жұмыс жасамай тұрғандығын жеткізіп, тиісті шара қолдануын сұрады.

Ал тараздық Ермекбай Жолымбетов Сарысу ауданы, Тоғызкент совхозын 28 жыл басқарған КСРО ордендерінің иегері Сейітжан Тасыбаевтың есімін Тоғызкент ауылындағы мектепке беру ұсынысын білдірді.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан бөлінетін грантқа қатысты мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Жамбыл облысы әкімдігі
28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚОНЫС АУДАРУ ЖӘРМЕҢКЕСІ САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 09.04.2025 17
ШУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ КӨЛЕМІН МОЛАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.04.2025 22

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4136
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4315
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19261
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17921
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21368