Облыс әкімі еңбек ардагерлерін марапаттады

Облыс әкімі еңбек ардагерлерін марапаттады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыстық және қалалық ардагерлер ұйымының бірқатар белсенділеріне марапаттар табыс етті.
📍Өңір басшысы саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына және өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттық дәстүрлерді құрметтеу жолында аянбай еңбек еткен аға буын өкілдеріне алғысын білдірді.
❗️Кездесу барысында ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен олардың кәсіби дағдылары жөнінде жан-жақты әңгіме болды.
Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Сағынхан Әміреқұлов аға буынның өңірдің экономикалық, қоғамдық, мәдени және рухани өміріне белсенді түрде атсалысатынын атап өтті.
✅ Бұл күні облыстық ардагерлері кеңесі жанынан құрылған билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабек «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал, «Әулие-Ата-Демеу» корпоративтік қорының директоры Бәтес Егембердиеваға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілсе, еңбек ардагерлері Сланбек Алдабергенов пен Михаил Епинин Алғыс хатқа ие болды.
Жамбыл облысы әкімдігі
29.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4955
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5120
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20077
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18722
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22180