Биыл 2020 жылы Қордай ауданында орын алған тәртіпсіздіктерге 3 жыл. Ондаған адам қаза тауып, жүздеген нысан зардап шеккен тәртіпсіздіктің салдары бүгінде толығымен жойылып, қалпына келтірілген.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ауданға жұмыс сапарымен барып, Сортөбе ауылындағы «Дін-Ислам» мешітінде «Қордай оқиғасы» кезінде қаза болған азаматтарды еске алуға арналған құран бағыштау рәсіміне қатысты. – Енді біз мұндай жағдайға жол бермеуге тырысу керекпіз. Қоғамдық келісім мен татулыққа барынша назар аударылуда. Ол үшін түрлі шаралар қабылдануда. Соңғы үш жылда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облысымызда, соның ішінде Қордай ауданында ауқымды жұмыстар атқарылды. Оған жергілікті тұрғындардың өздері куә. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді,-деді Нұржан Нұржігітов. Бұдан соң аймақ басшысы аталған ауылдағы «Korday Fish» және «Taraz Eko Fish» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Екеуі де балық, оның ішінде форель өнімдерін өндіруге бағытталған. Облыс әкімі жергілікті билік тарапынан қажетті қолдаулар көрсетілетінін жеткізіп, жұмыстарға сәттілік тіледі.