Облыс әкімі құландықтарға пәтер кілттерін тапсырды

Облыс әкімі құландықтарға пәтер кілттерін тапсырды

 

Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов салтанатты шарада жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырып, қоныс той иелерін қуанышымен құттықтады.- «Баспана - бақыт кілті» демекші мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде облыста тұрғын үйлер салу бағытында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 693,5 мың шаршы метрді құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артты.

Яғни, 2022 жылы 68 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 28 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ал, ағымдағы жылы облыс бойынша 70 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 45 тұрғын үй  пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде 3,2 млрд. теңгеге 343 азаматқа және «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 58 азаматқа 515 млн. теңге сомасына несие рәсімделді,-деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде.

Бұл күні баспаналы болғандардың қуанышында шек болмады. Олардың қатарында көпбалы отбасылар, мүгедектігі бар азамат, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар. Солардың бірі сегіз ұл-қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана  Дианара Юсупова. Ол мемлекеттік бағдарлама аясында үйлі болғанына, әсіресе балаларының көңілі шат-шадыман екенін жеткізді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аудан орталығы Құлан ауылы «Арай» жаңа тұрғын үй алқабында алғашқы салынған 5 қабатты тұрғын үй пәтерлері кезекте тұрған азаматтарға берілді.

Тұрғын үйде 1 бөлмелі – 20 пәтер, 2 бөлмелі – 40 пәтер, 3 бөлмелі - 20 пәтер қарастырылған. Нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер «Сырым Былеке» ЖШС жүргізген.

Тұрғын алқапта тағы бір 80 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Жамбыл облысы әкімдігі
01.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10705