Облыс әкімі Тараз қаласындағы бірқатар нысандардың жай-күйімен танысты

Облыс әкімі Тараз қаласындағы бірқатар нысандардың жай-күйімен танысты

Аймақ басшысы алдымен «Көлтоған» шағын ауданындағы беріліп жатқан 369 гектар жер телімдерін көріп, «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Казарма», «Жиделі» тұрғын алқаптарына жүргізілген электр желісінің құрылыс жұмыстарымен, 28 саяжайдағы ауыз су тарту мәселесімен танысты.

Нұржан Нұржігітов жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері берілетін алқаптарға инфрақұрылымның тартылуына баса назар аударып, қала маңындағы тұрғын алқаптардың ауыз сумен, газбен, электр энергиясымен үздіксіз қамтылуына, тариф мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

– Біз  тұрғындарға нақты, ашық ақпарат беру керекпіз. Әрқайсымыз әртүрлі әңгіме айтатын болсақ, халықтың сенімсіздігі, наразылығы содан туындайды,-деген аймақ басшысы жауаптыларға инженерлік желілерді тарту бойынша жұмыстарды сапалы әрі жеделдетіп жүргізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Бұдан соң облыс әкімі жеке кәсіпкер есебінен соғылып жатқан спорт кешенінің құрылыс барысын көрді. Жалпы ауданы 740 шаршы метрді құрайтын нысанды салу жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталып, ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Аймақ басшысына Құмшағал тұрғын алқабынан спорттық-сауықтыру кешенің салу бойынша жергілікті халықтың өтініші жеткізілді. Нұржан Нұржігітов қала әкімі мен тиісті басқарма басшыларына бұл мәселені зерделеу және шешу бойынша шаралар қабылдауды жүктеді.

1975 жылы пайдалануға берілген №56 орта мектептің қазіргі таңда тозығы жеткені байқалады. 320 орынға арналған оқу ордасында 615 бала білім алуда. Сондай-ақ, мектеп басшылығы жазғы спорт алаңшасының мәселесін де көтерді.

Мектеп ғимаратын жөндеуден өткізуге айрықша көңіл бөлген облыс әкімі бұл мәселенің міндетті түрде қаралатынын жеткізді. Ал жазғы спорт алаңшасына шым әкеліп төсеу керектігін ескертті. Бұл істі асарлатып атқару, оған қаладағы мектептердің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін ұйымдастырудың  маңыздылығын атап өтті. Егерде бұл бастама тиімді жүзеге асатын болса, қаладағы өзге оқу орындарындағы осындай спорт алаңшаларын реттеуде де осы әдіс қолданылады.

Мектеп жанындағы шағын орталықтың санитарлық, сейсмикалық жағдайына алаңдаушылық білдірген облыс әкімі оны қайта салу ісіне назар аударды.

«Құмшағал» шағын ауданындағы медициналық пунктің жұмысымен танысқан Нұржан Нұржігітов мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына ауқымды қолдаулар жасалынып жатқанын, нәтижесінде тұрғындарға сапалы медициналық қызмет ұсыну керектігін баса айтты. Сонымен қатар, тұрғын алқаптардағы осындай медициналық нысандардың санын, олардың қажетті дәрігерлермен қамтылуын сұрады. Денсаулық сақтау басқармасы мен қала әкімдігіне балалы аналардың, науқастардың ары бері сабылмауы үшін, тапшы мамандардың қабылдауын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы №34 бөбекжай-бақшасының жай-күйін көрді.

Жамбыл облысы әкімдігі
23.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 538
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799