Облыс әкімі Тараздағы құрылыс нысандарын тексерді

Облыс әкімі Тараздағы құрылыс нысандарын тексерді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын тексеріп, жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.

Өңір басшысы алдымен Төле би көшесінің бойында орналасқан 11 тұрғын үйдің құрылыс алаңына барды. Бүгінде көпқабатты баспананың қасбетін бірыңғай үлгіде жаңғырту, жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Қаланың келбеті мен тартымдылығын арттыру мақсатында бюджет есебінен үйлердің шатыры да ауысып, түнгі жарықпен қамтылады.

Аталған үйлердің ішкі инженерлік желілері мен кіре беріс алаңдарын әрлеп, жаңғыртудан өткізу бойынша құжаттамалары әзірленуде.

Жалпы, биыл облыс бойынша (Тараз, Жаңатас, Шу қалалары мен Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылы) 79 тұрғын үйді күрделі жөндеуге қаржы қаралып отыр. Бұдан бөлек, Тараз қаласындағы коммуналдық меншіктегі 6 үйге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Облыс әкімі қаладағы М-1 жылу желілерінің жөндеу жұмыстарының барысын бақылауға алды. Қазіргі таңда тиісті демонтаж жұмыстары 61 пайызға аяқталған.

Ербол Қарашөкеев жұмыстарды атқару барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, арнайы жол белгілерінің болуын қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығын баса айтты.

Аралау барысында аймақ басшысы А. Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры ғимаратының құрылыс жұмыстарын көрді. Мәдени нысанның сыртқы қасбетін ағымдағы жөндеу жұмыстары іске асуда. Жауаптыларға нысанның сыртқы бөлігін толықтай жөндеуден өткізу бойынша тиісті шаралар мүмкіндігін қарастыру, барлық жұмыстардың сапалы орындалуын бақылауда ұстау тапсырылды.

Тараз қаласын аралау қорытындысы бойынша облыс әкімі шаһар басшылығына ауқымды тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру, оған қосымша арнайы қызметтерді жұмылдыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Көше бойындағы, аулалардағы шөптерді дер кезінде шабу, қураған ағаштарды бұтау мәселесі назардан түспеуі тиіс.

Жамбыл облысы әкімдігі
17.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 12
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 5
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 152
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 333
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 957

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9033
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8429
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10638