Облыс әкімі Т.Рысқұлов ауданындағы бірқатар нысандардың жай-күйін тексерді

Облыс әкімі Т.Рысқұлов ауданындағы бірқатар нысандардың жай-күйін тексерді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, мәселелерімен танысты.

Аймақ басшысы алдымен аудандық орталық аурухананың жағдайын көріп, медицина қызметкерлерімен кездесті.

260 келушіге арналған аурухана «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп, заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталады деп жоспарлануда.

Облыс әкімі маман тапшылығын шешу, медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін баса айтты.

Айта кетейік, Т.Рысқұлов ауданында 35 емдеу мекемесі халыққа қызмет көрсетуде.

Келесі кезекте аймақ басшысы орталық стадионның жағдайымен танысты. Спорт нысаның күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

Ербол Қарашөкеев ауданда бос тұрған туберкулезге қарсы аурухананы аралап көрді. Жауаптыларға ғимаратты жаңартып, тиімді пайдалану бойынша ұсыныс енгізу тапсырылды.

Аймақ басшысы аудандағы жұмыс сапары барысында жоспардан тыс Панфилов көшесіндегі 4 көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысып, тұрғындардың өтінішін тыңдады.

Тұрғындар 1972 жылы салынған тұрғын үйлердің шатыры, жертөлесі, кіреберісінің де тозығы жеткенін айтып шағымданды.

Айта кету керек, жалпы мұндағы төрт үйдегі 248 пәтерде 800-ге жуық адам тұрады. Аталған тұрғын үйлерге жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленген.

Облыс әкімі аудан әкімдігіне «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарын уақыт созбай тезірек бастауды, сапасын қатаң қадағалауды және ауланы абаттандыру бойынша мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Облыс әкімі жұмыс сапары соңында «Жамбыл БТТ» шаруа қожалығының жұмысын, егістік алқабын көріп, аудан шаруаларымен кездесті.

Шаруалардың жай-күйімен танысып, олардың бірқатар сауалдарына жауап берді.

– Шаруаларды мемлекеттік қолдау көлемі ағымдағы жылы айтарлықтай артып отыр. Ендігі кезекте талап, тәртібі бойынша жеңілдетілген көмекті шаруаларға тиісінше жеткізу маңызды. Тек ірі шаруа қожалықтар ғана емес, қарапайым шаруашылықтар да мемлекет қолдауын сезінуі тиіс, — деген облыс әкімі салалық басқарма мен аудан әкімдігіне нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
17.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 82
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 85
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 193
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 411
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 373
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 993

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9069
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8467
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11693
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9455
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10673