Облыс әкімі үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Қазіргі таңда халықтың азаматтық секторға деген сенімі күннен күнге арта түсуде. Жергілікті билік аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде бірлескен сәтті жұмыстар мен азаматтық бастамаларды қолдауды одан әрі жалғастыруға ниетті.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және өкілдерімен өткен еркін форматтағы кездесуде осылай деді. Басқосуда ҮЕҰ өкілдері тарапынан облыс әкіміне бірқатар ұсыныстар айтылып, мәселелер сараланды.

Кездесуде аймақ басшысы алдымен азаматтық сектор өкілдерінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіне тоқталып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімі бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар мен болашақтағы жоспарлар жөнінде қысқаша айтып өтті.

Басқосуда қоғамдық бірлестік өкілдері өңірдегі түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған 30-дан аса ұсыныс-пікірлерін облыс әкімінің назарына ұсынды.
Мәселен, «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нілзия Рахишева ұлттық идеологияның мазмұнына аса зор мән беру керектігін жеткізсе, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі Нәзима Жұбандықова «Таразэнергоорталық» мекемесіне бұған дейін аудиторлық тексеріс жүргізілгенімен, құзырлы органдар тарапынан әлі күнге дейін тиісті процессуалдық шешім қабылданбағанын және ауылдық жерлердегі спорттық-сауықтыру кешендерін спорт мектептерінің балансына беру жолдарын қарастыруды сұрады. Сондақ-ақ, «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қауымдастығы»  қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Жанна Мамашева облыстық және қалалық мәслихат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына мән беріп, кері байланыс қағидатының іс жүзінде орнығуына ықпал етуін өтінді. Ал, «Жамбыл облысының Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиев жергілікті билік тарапынан желтоқсаншыларға тиісті көңіл бөлінуі қажеттігі мен өңірдегі мал базарларының жұмысы халыққа тиімсіз екенін жеткізді. Сондай-ақ, «Шебер шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анар Бексұлтанова мүмкіндігі шектеулі жандар назардан тыс қалмауы мен ұлттық қол өнерге тиісті қолдауға көрсетуді сұрады.

Облыс әкімі көтерілген барлық мәселелер аймақ үшін маңызды екенін атап өтіп, алдағы уақытта заңға сәйкес жүзеге асыру жолдары қарастырылатынын атап өтті.

Ұтымды ұсыныс-пікірлерді оң бағалаған аймақ басшысы олардың жүзеге асуын қамтамасыз етудегі мәселелер бойынша жауапты тұлғаларна нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
22.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541