Облыс әкімі үздік мемлекеттік қызметшілерді марапаттады

Облыс әкімі үздік мемлекеттік қызметшілерді марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты. Ербол Қарашөкеев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, алғыс білдірді.

Аймақ басшысы мемлекеттік қызметшілер ел дамуының қозғаушы күші екенін, бұл орайда сала мамандарына жоғары талап қойылатынын атап өтті.

- Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асқақтату.

Еліміздің өркендеуі мелекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігіне, нәтижелі әрі ұтымды еңбегіне тікелей байланысты.

Халқымызда «Ұлық болсаң, кішік бол» - деген дана сөз бар. Мемлекеттік қызметші халыққа жақын болып, ел мүддесін бірінші орынға қоюы тиіс. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы ұмытпағаны жөн, – деген Ербол Қарашөкеев мемлекетіміз бен өңірдің өркендеуіне үлес қосқан барша сала мамандарына ризашылығын білдірді.

Аймақ басшысы өз сөзінде меритократия қағидаты және Президенттік жастар кадр резерві мен Өңірлік кадр резерві жобасына тоқталып, аталған бастамалардың мемлекеттік басқару жүйесін дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен бірге билік пен халық арасындағы ашықтықты қамтамасыз етіп, кері байланыс жұмысын нығайтудың маңыздылығын баса айтты.

Салтанатты жиында облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов сөз сөйлеп, сала мамандарына ізгі лебіздерін жеткізді.

Шара соңында бірқатар сала мамандарына «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен өңірлік департаментінің мерекелік марапаттары салтанатты түрде табысталды.

Айта кетейік, өңірде 4500-ге жуық мемлекеттік қызметкер бар. Олардың арасында жастардың үлесі 32,6 пайызды құрайды.

Жамбыл облысы әкімдігі
24.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 106
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 105
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 624
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 742
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 654
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 664

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8799
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8199
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11425
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9179
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10411