Облыс әкімі жас сарбаздардың ант қабылдау рәсіміне қатысты

Облыс әкімі жас сарбаздардың ант қабылдау рәсіміне қатысты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның жас сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсіміне  қатысты.

«Жеңіс» саябағында өткен айтулы шара даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Аймақ басшысы мемлекет қауіпсіздігін қорғау әрбір ер азаматтың өміріндегі маңызды сәт екенін баса айтып, сарбаздардың сын сағатта сыр бермей, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқаратындығына сенім білдірді.

- Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаудан артық міндет жоқ екенін атап өтті. Армия – мемлекеттің берік қорғаны. Елдің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін әскер қатарына алынған әрбір азаматтың қадамдарының бірі – әскери ант қабылдау. Отан қорғаушы болу – өте абыройлы әрі жауапты іс. Сондықтан, әрбір әскери білім мен дағдыны табандылықпен меңгеру қажет. Ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Ұлттық Ұлан әскерінің басты борышы, - деген Ербол Қарашөкеев жас сарбаздардың елге қызмет етуде үлкен жетістікке жетуіне тілектестігін жеткізді.

Бұдан кейін, салтанатты жиынға қатысқан әскери бөлімдердің басшылары, ата-аналар ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ресми түрде ант қабылдаған жауынгерлерге жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Шара соңында жас сарбаздар дайындық мерзімінде алған машық-дағдыларын, қарумен және қарусыз игерген саптық амалдарын көрсетіп, көпшілік алдында салтанатты маршпен жүріп өтті.

Айта кетейік, бұл күні 5513 әскери бөліміне Алматы, Жетісу, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан келген 292 сарбаз қосылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
03.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 212
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 208
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 713
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 836
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 750

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509