Облыс әкімі Жуалыдағы ауыл тұрғындарымен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады

Облыс әкімі Жуалыдағы ауыл тұрғындарымен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады

 Облыс әкімі Жуалыдағы ауыл тұрғындарымен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады

 

 Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

Бұл жолы аймақ басшысы Жуалы ауданына арнайы іссапармен барып, Қызыларық және Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Жиынға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

 Облыс әкімі алдымен Қызыларық ауылына ат басын тіреп, ауыл тұрғындарының талап-тілегіне құлақ түрді.

 Кездесу барысында Қызыларық ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Садиров ауылдың аймағында орналасқан Көксай каналын күрделі жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін толық аяқталмағанын, ал мердігер тарап тек құрғақ уәде берумен шектелетінін айтып, шағымданды.

Тұрғынның сауалына жауап берген Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Рахымғазы Құниязов қазіргі таңда Көксай каналын бетондау жұмыстары қарқынды жүргізілгенін жеткізді. Оның 50 метрдей жері қалғанын және жөндеу жұмыстары осы айдың 22-не дейін толығымен аяқталып, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілетінін айтты.

Жиын барысында ауыл тұрғындары округке қарасты Ақтөбе ауылына таза ауыз су жүйесін тарту және Қайнарбұлақ көшесіне асфальт жамылғысын төсеу, су ұңғымасын қазу, жұмыссыздарға берілетін 2,5 пайыздық несиенің шаруа қожалықтарына берілмеуінің себебі туралы бірқатар мәселелерді көтерді.

Қойылған сұрақтарға аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары нақты әрі тиянақты жауаптар берді.

 Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов облыс көлемінде су қоймаларын салу, су ұңғымасын қазу және тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесін іске қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасында еліміз 2025 жылға дейін толығымен таза ауыз су жүйесімен қамтылуы тиіс деген болатын. Жалпы облыс бойынша 367 елді мекен бар болса, соның ішінде 82 елді мекен таза ауыз сумен қамтылмаған. Ал, үш жылдың ішінде осы бағытта қарқынды жұмыс істейтін болсақ, бұл мәселе толығымен шешіледі.

Су қоймаларын салу жұмыстарына келер болсақ, облыс аумағынан жалпы 8 су қоймасын салу жоспарлануда. Биылғы жылы су қоймаларының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалынуда. Келер жылы құрылыс жұмыстары басталатын болады. Алайда тұрғындар ауыз су мен ағын суды үнемдеуі керек. Ысырапшылдыққа жол бермеуге тиіспіз. Сондай-ақ, көп суды қажет етпейтін дақылдарды егуге ақырындап көшкен дұрыс. Бұл тұрғыда қазіргі уақытта ғалымдар жұмыс істеуде.

Біздің басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік жағдайын барынша көтеру. Сол үшін де жергілікті атқарушы билікпен бірге, жергілікті тұрғындар да бірлесіп, ұйымшылдықпен жұмыс істеуі керек. Сонда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізе аламыз,-деді  аймақ басшысы.

 Келесі кезекте облыс әкімі Бәйтерек ауылдық мәдениет үйінде Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, тұрғындарды тыңдады.

Атап айтқанда, аудандық мәслихаттың аталған ауылдар бойынша сайланған депутаты Ұлан Айхожаев, ауылдан талай спорт саңлақтары түлеп ұшқанын айта келе, ауылдан үлкен спорт кешенін салу туралы ұсынысын жеткізді. Ал, Талғат Тойшыбеков есімді ауыл тұрғыны округке қарасты ауылдар Қырғыз елімен шекаралас жатқанын, алайда шет елге шығу үшін айналма жолмен жүруге тура келетінін айтып, шекараны ашса деген тілегін айтты.

Көтерілген сұрақтарға облыс әкімі нақты жауаптар беріп, мәселелердің шешілу барысын қарастыру бойынша тиісті тұлғаларға тапсырмалар берді.

Кездесулерден соң облыс басшысы ауыл тұрғындарын жеке сұрақтармен қабылдады.

Аудандағы жұмыс сапары барысында Нұржан Нұржігітов бірқатар нысандарды аралап, Көксай каналының құрылысымен танысты.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651