Облыс әкімі жуалылықтардың талап-тілегін тыңдады

Облыс әкімі жуалылықтардың талап-тілегін тыңдады

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді.

Аймақ басшысының ауданға жұмыс сапары барысында ұйымдастырылған басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты.

Алдымен аудан орталығы саналатын Б. Момышұлы ауылының тұрғындарымен кездескен Нұржан Нұржігітов қысқаша ғана округ әкімінің есебін тыңдады.

Ауылда 14739 тұрғын тұрады. Барлығы 3 мыңнан астам аула бар.

– Әр аула бойынша талдау болу керек. Тұрақты табысы жоқ отбасылардың мәселесін шешу бойынша жоспарлы-ұсыныстар әзірлеу қажет.

Біз қалай болғанда да бюджет қаражатын тиімді игеруге тиіспіз. Бірақ соған қарап жұмысымызды бағалау жеткіліксіз. Өйткені, ол – қызметтік міндетіміз. Қазір әкімдердің қызметінің нәтижелілігіне қатысты көзқарас өзгеше қалыптасуда. Олар инвестицилық жобаларды жүзеге асырып, қосымша жұмыс орындарын ашуы тиіс.

Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланған дұрыс. Ол үшін аудан, ауыл әкімдері, бөлімдері халық ішінде түсіндіру және ұйымдастыру шараларын тұрақты жүргізіп отыруы маңызды, – деді облыс әкімі.

Басқосуда тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдап, жауаптар алды. Олар негізінен жол жөндеу, ауыз су тарту, жер, жайылым және әлеуметтік мәселелерді көтерді.

– Облыстағы 100 елді мекенде орталықтандырылған ауыз су мүлде жоқ. Биыл 28 елді мекенге құбыр тарту жоспарлануда.

Жалпы 2025 жылға қарай жамбылдықтар 100 пайыз табиғи газбен қамтылады. Жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі аудан облыстағы жолдардың үлесі де 100 пайызға жетеді. Біз осы жоспар бойынша жұмыс істейміз.

Шаруалар жерді күтіп ұстауы тиіс. Мениералды тыңайтқыштарды пайдалану керек. Ол үшін субсидия (50%) қарастырылған.

Жуалы ауданы сүт өндеуде өзгелерге үлгі боларлықтай жұмыстар атқаруда. Осы бағыттағы шараларды күшейте түсу керек, – деген аймақ басшысы облыстың оң көрсеткіштерін қысқаша шолып шықты.

Қарасаз ауылында да дәл осындай форматта тұрғындармен кездесу өтті.

Нұржан Нұржігітов ауылдықтарды алдағы маңызды оқиға – референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Жалпы кездесулерден соң облыс әкімі 20-дан астам ауылдықтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Жамбыл облысы әкімдігі
21.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785