Облыс әкімінің орынбасары аудандағы шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімінің орынбасары аудандағы шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесті
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ибрайханов Ерболат Махсұтханұлы аудан орталығынан шалғайда жатқан Қамқалы ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесіп, округке қарасты Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысты.
Шығанақ аулындағы клуб үйінде өткен кездесуде тұрғындар тарапынан Досбол – Шығанақ, Шығанақ – Қамқалы бағытындағы автокөлік жолдарын жөндеу және ауылдарға интернет орнату мәселесі көтерілді.
Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Махсұтханұлы жол мәселесіне байланысты, бұл жолдар облыстық маңызы бар жолдардың қатарына кіретін болғандықтан, облыстық деңгейде бұл мәселе көтеріліп, бақылауда болатындығын айтты.
Ал, интернет мәселесі осы 2023 жылы толық шешілетіндігін жеткізді. Жиыннан кейін тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Бұдан кейін Ерболат Махсұтханұлы округке қарасты Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарындағы жөндеу жұмыстары жүргізілген ауыз су жүйелерін және әлеуметтік нысандарын аралап көрді.
 
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
25.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

АШТЫҚТАН ҚАЗАҚ ҚЫНАДАЙ ҚЫРЫЛДЫ?
Сұхбаттасқан, Нағашыбай Қабылбек - 30.05.2023 165

Топ жаңалықтар

1
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 60
2
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 58
3
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 112
4
ІЛЬЯСТЫҢ "АҚ ҚАЛАСЫ" АШАРШЫЛЫҚТЫҢ НАҚ БАҒАСЫ!
Show more
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 2023-05-31 117
5
Өміріңді сақтандыр, өкінбейсің!
Show more
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 2023-05-31 308