ОБЛЫСТА 70 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ОБЛЫСТА 70 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелері қаралды.
📍2020 жылдан басталған «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жамбылдықтар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналып 338 үй салды. Осы жылы 106 баспанаға мұқтаж отбасы үшін үй салу жоспарланған.
– Аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймай, олардың тұрақты табысының бар болуын қамтамасыз ету керек, – деп тапсырды облыс әкімі.
🔹Кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 4 208 пәтерлі 68 көпқабатты үйдің құрылысы қолға алынып, оның 2 260 пәтерлі 34 үйі пайдалануға берілді.
🔹Биыл «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» жобасы аясында облыста жалпы сомасы 11,6 миллиард теңгеге 3 689 пәтерлік 70 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін 2564 пәтерлік 45 үйді пайдалануға беру жоспарда бар.
🔹Жеке инвестиция есебінен 435 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс қолға алынған.
🔹Осы жылы 71 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға 8,4 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде кезекте тұрғандар жаңа аумақтардан 869 жер телімін алады.
🔹Облыс әкімі уәкілетті органдардың құрылыс сапасын қатаң бақылау қажеттігіне назар аударды.
– Барлық учаскелердегі құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Сонымен қатар бюджеттік қаражатты үнемдеп игеруге назар аударыңыздар. Мемлекеттік бағдарламалардың тетіктерін тиімдірек пайдалану қажет, – деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.
🔹Жиын барысында суару арналарын жөндеу және вегетациялық кезеңге дайындық мәселелері де талқыланды. Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» облыстық филиалының қызметін сынға алып, аудан әкімдеріне бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Жамбыл облысы әкімдігі
07.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 107
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 215
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 434
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 398

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9092
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8490
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11718
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9483
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10699