Облыстық балалар "Аяла" оңалту орталығы ашылды

Облыстық балалар "Аяла"  оңалту орталығы ашылды
 
Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Облыстық балалар "Аяла" оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне жиналғандар алдымен ғимараттың қызыл лентасын қиып, ондағы емдік-жаттығу, диагностика бөлмелерінің жұмысымен танысты.
Орталықтықтың салтанатты ашылуына облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Әсет Қалиев қатысты.
- Биыл ерекше жыл. Мемлекет басшысы 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Осыған орай, денсаулық сақтау саласында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Аяла» оңалту орталығын іске қосу. Мұның барлығы балалардың денсаулығы мен бақыты үшін жасалуда. Өскелең ұрпақтың балалық шағының қамсыз, бақытты өтуін қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. Ел Президенті атап өткендей, балалардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі, - деген облыстың бас дәрігері медицина қызметкерлері мен балаларға табыс тіледі.
Бұрынғы облыстық мамандандырылған фтизиопульмонология шипажайы болған, бүгінгі орталық қайта құрылымдалып 18 жасқа дейінгі балаларға өз есігін айқара ашты. 120 төсектік мекеме құрал-жабдықтармен жабдықталып, арнайы мамандар дайындықтан өтті, білікті дәрігерлер тартылды. Мұнда ем алушыларға 5 мезгіл тамақ беріледі және бір ерекшелігі балалар үшін №27 орта мектептің мұғалімдері келіп 1-11 сынып аралығындағы оқушыларға қазақ және орыс тілдерінде сабақтарын өтеді. Яғни емдеу барысы, оқу барысымен бірге үздіксіз жүргізіледі. Мемлекеттік негіздегі оңалту орталығындағы сапалы қызметтер тегін көрсетіледі. Мұндағы мамандар ерекше балалардың әрқайсысымен жеке жаттығу жасап, қоғаммен бірге өмір сүруіне жағдай жасайды.
Әр түрлі бағыттағы мамандар неврологиялық, тірек-қимыл қозалысының патологиясы бар, жарақат алған, ортопедиялық, соматикалық созылмалы аурулары бар балаларды емдеу үшін – педагогикалық түзету, музыкалық терапия, кәсіби терапия, ойын терапиясы бойынша емдеу курсын жүргізеді. Орталыққа балалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген емхана арқылы жолдама алады. Оңалтумен қатар мұнда офтальмологиялық қызметтер де көрсетіледі. Көз ауруларына шалдыққан балаларға заманауи құрылғылар арқылы нақты диагноз қойылып, тиісті ем-шаралар жасалады. Емдеу курсы – 24 күн. Аталған оңалту орталығында жыл басынан бері 484 бала сауықтырылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
01.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9176
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8574
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11802
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9572
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10782