Ойталда 180 орынға арналған мәдениет үйі ашылды

 Ойталда 180 орынға арналған  мәдениет үйі ашылды
Конституция күніне орай, Ойтал ауылдық округінде 180 орынға арналған ауылдық мәдениет үйі ашылды. Аталған мәдениет ошағы «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында бой көтеріп отыр. Бұл көптен күткен қуаныш болғандықтан, ашылу рәсімне ауыл жұрты көптеп жиналды. Қуанышты бөлісуге келген аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Аудан әкімі өз сөзінде «Құрметті ауылдастар! Биыл ауданымызда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Солардың бірі міне, бүгін, мереке қарсаңында өздеріңізге беріліп отыр. Бұл мемлекет тарапынан ауылды көркейтуге, ауыл балаларының өнерін дамытуға деген үлкен қолдауы деп білемін. Осы мәдениет ошағынан еліміздің атын әлемге әйгілі ететін өнер азаматтары шығады деп сенемін. Мереке құтты болсын!», – деді. Одан кейін, ауыл ақсақалы Әшір Ибақов пен ауыл тұрғындары ізггі тілектерін арнап, с алтанатты түрде лента кесу рәсімі өтті. Мерекелік шара ауыл өнерпаздарының көнцерттік бағдарламасымен жалғасты.
Меркі Ауданы Әкімдігі
30.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5012
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5177
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20132
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18777
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22234