Ойын алаңы ашылды

Ойын алаңы ашылды

«Самұрық-Қазына» акционерлік қорының құрылғанына биыл 15 жыл толып отыр, осыған байланысты оның балаларға сыйық жасауы жалғасын табуда. Акционерлік қоғамның демеушілігімен  Тараз қаласында орналасқан «Үміт» мамандандырылған сәбилер үйінің қасынан балалар ойын алаңы ашылды. Ол «Балаларға күлкі сыйла!» жобасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырылған болатын. Жаңа ойын алаңының құрылыс жұмысына 24 миллион теңге жұмсалған.

Жаңа ойын алаңының ашылу салтанатында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысып, жоба демеушілеріне қала басшылығының алғысын жеткізді. Жоба нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер бақытты балалық шақтың қуанышы мен ересектер мейірімін түйсініп ер жетпек. Тиісінше бос уақытты тиімді ұйымдастыру арқылы тәрбиелік жұмыстарға айрықша көңіл бөлінбек.

«Бүгін, міне, қасиетті Жамбыл жерінде балалар үйіне арналған ойын алаңын ашып отырмыз. Бұл қуанышты жағдай. Халқымызда «Жетім көрсең, жебей жүр» деген жақсы сөз бар. Барша «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы қаржыландырған жобаның «Балаларға күлкі сыйла!» аталуы да жанға жылулық сыйлайды. Баршаңызды компаниялар тобы атынан бүгінгі игілікті іспен құттықтап, табыс тілеймін», – деді «ХИМ-плюс» ЖШС бас директоры міндетін атқарушы Дәулет Жүніспаев.

«Баршаңызды ойын алаңының ашылуымен құттықтаймын! Балалардың жайнаған жүзін көріп, күміс күлкісін естіп, алаңсыз бақытты балалық шағын тамашалағаннан артық ғажап не бар? Сондықтан, бүгінгі іс-шараның маңызы ерекше. Ойын алаңының ашылуы «Самұрық қазына-Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» акционерлік қорына алғыс айтамыз», – деді облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Перизат Үмбетәлі.

Көлемі 300 шаршы метр түрлі түсті көңілді алаңда 13 ойын құралы орнатылған. Мұнда сан алуан дене шынықтыру сабақтарын, спорттық және шығармашылық сайыстар өткізу қарастырылған.

 

Мадина ДАРХАНБАЕВА, «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінің әдіскері.
08.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 107
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 215
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 434
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 398

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9091
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8489
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11717
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9482
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10697