Олжас Бектенов Ақтаудағы МАЭК-ті жөндеу және су тұщыту зауытын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Олжас Бектенов Ақтаудағы МАЭК-ті жөндеу және су тұщыту зауытын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты, «Каспий» су тұщыту зауыты және «ҚазАзот» кәсіпорнына барып, инфрақұрылымдық проблемаларды шешу және экономикаға жеке инвестиция тарту мәселелерімен танысты.

Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында тиісті тапсырмалар берген болатын.

Ақтауда Премьер-Министр «қауіпті қызыл аймақтағы» 19 энергия көзінің тізіміне енген МАЭК-тегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мемлекет басшысы оларды жаңғыртуды басым тәртіппен аяқтауды тапсырды.

Өнеркәсіп пен өңір халқының электр және жылу энергиясына қажеттілігін қамтамасыз ететін МАЭК-тегі энергетикалық жабдықтардың тозуы 79%-ды құрайды. Өткен жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 4,9 млрд теңге бөлінді. Биыл республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бағытталды. МАЭК құрамына 3 электр стансасы, дистиллят және өнеркәсіптік жылумен жабдықтау зауыты, жөндеу зауыты, цехтар және реактор қондырғысы кіреді. Кәсіпорында 3,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

«МАЭК» ЖШС бас директоры К. Орақов биылғы қыркүйек айының соңына дейін екі қазандық пен бір турбинаны күрделі жөндеудің аяқталғаны туралы баяндады. Сонымен қатар МАЭК-тің қазіргі қуаты 500 Гкал болғанда, Маңғыстау облысында жылу тапшылығы 245 Гкал-ды құрайды. 

Олжас Бектенов өңір әкімдігі мен кәсіпорын басшылығына жоспарланған жұмыстардың мерзімінде орындалуын, кәсіпорынның, инженерлік инфрақұрылымның, жалпы өңірдегі ТКШ нысандарының алдағы жылыту маусымына толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар облыстың өнеркәсіптік дамуы мен келешегі бар өндірістерді іске қосу қосымша энергия қуатын қажет ететіні атап өтілді.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елдің сенімді әрі экологиялық таза энергия көздеріне деген қажеттілігін атап өтті. Қазақстандықтарды тұрақты энергиямен қамтамасыз ету – Үкімет жұмысындағы басым бағыт. Кәсіпорындардағы технологиялық ақаулар халыққа әсер етпеуі керек. Сондықтан тозығы жеткен нысандарды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен қатар жылу және электр энергиясының тұрақты баламалы көздерін дамытуымыз қажет. Экономикамыздың жай-күйі ғана емес, ең алдымен адамдардың өмір сүру сапасы да соған байланысты», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

6 қазанда Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Халық қолдаса, атом энергетикасын дамыту елімізді сенімді энергиямен қамтамасыз етіп, еншілес салаларды дамыту мен өнімді жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндіктер жасайды.

Сапар барысында Премьер-Министр «ҚазАзот» АҚ қызметімен танысты. Экспортқа бағдарланған кәсіпорын Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі саналады. Ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар және тау-кен секторына арналған үшін химиялық заттар өндіретін аммиак-карбамид кешенін салу жоспарлануда. Жоба сапалы отандық тыңайтқыштарға деген қажеттілікті жабу арқылы аграрлық сектордың дамуына оң әсерін тигізеді әрі тұтастай алғанда еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады.

Ақтауда Олжас Бектенов 200 мыңнан астам адамды ауыз сумен қамтамасыз ететін «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту барысымен танысты. Өңірде бүгінгі күнге дейін ауыз су тапшылығы бар. «Каспий»су тұщыту зауытын кеңейту кәсіпорынның қуатын 2 есеге – 40 мың м3 дейін арттырады, бұл тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру үшін Үкімет резервінен қосымша 5,1 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыстар 95%-ға аяқталды: теңіз суының және дайын өнімнің құбырлары, су дайындау цехының ғимараттары, тұзсыздандырылған судың сорғы стансасы, әртүрлі көлем мен мақсаттағы резервуарлар салынды; кабельдік желі төселді.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Ақтау қаласы, Мұнайлы және Қарақия аудандарының тұтынушылары үшін су тұщыту зауытын жаңғырту жобасының маңызын ескере отырып, Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп жыл соңына дейін жаңғыртуды уақтылы жүргізіп, пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы, Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы проблемасын кезең-кезеңімен шешу үшін қуаты тәулігіне 140,5 мың м3 болатын 9 су тұщыту зауыты мен қондырғыларының құрылысы жүргізілуде. Өңір басшылығына осы жобаларды жан-жақты қолдау жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, биылғы 8 айда өңірдің өңдеу өнеркәсібінде 7,1% өсім қамтамасыз етілді, осы сектордағы өндірістің жалпы көлемі 174,3 млрд теңгеге жетті. Саудада өсім көлемі – 487,5 млрд теңгеге жетіп, 4,3%-ды құрады. Жыл басынан бері 22,7 мың жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 34,9 мың жұмыс орнына жеткізу жоспарлануда. Өңірде жыл басынан бері 560,7 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 61
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 46
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 452
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281