Өнерге қанат қаққан Жұлдызай

Өнерге қанат қаққан Жұлдызай

Өнер – жүректен шыққан шынайы сезім мен шабыттың жемісі. Бұл қасиет екінің біріне беріле бермейді. Ал осындай ерекше қабілетке ие жандардың бірі – Мұратбек Жұлдызай Қуанышбекқызы. Ол 2011 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келді. Бала кезінен-ақ өнерге деген құштарлығы айқын байқалды. Бар-жоғы төрт жасында-ақ қылқалам мен бояуға қызығып, ақ қағазға өз қиялындағы көріністерді түсіре бастады. Сол шақта ән өнеріне деген сүйіспеншілігі оянып, алғашқы рет көпшілік алдында ән салды.

2015 жылы Жұлдызай Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін жандарға арналған республикалық кітапханасында алғаш рет сахнаға шығып, өзінің әншілік өнерінің тұсауын кесті. Ол кезде оның талантына дәстүрлі әнші Бауыржан Құмарбеков, белгілі күйші Талап Қараш, кітапхананың «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубының жетекшісі Әбетхан Тоқтаған және кітапхана қызметкерлері, оқырмандары куә болып, өнер жолындағы алғашқы қадамына ақ батасын берген еді.

Жас талант жылдар өте келе ән салудан басқа, сурет өнеріне шын беріле түсті. Ол тек сурет салып қана қоймай, әр туындысына ерекше мағына мен сезім дарытуды үйренді. Шабыты мен табандылығының арқасында түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар иелене бастады. Бүгінде Жұлдызай – 8-сынып оқушысы, бірақ жасы үлкен шеберлермен тең дәрежеде өнер көрсетіп, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерді.

Оның жетістіктері – тынымсыз еңбектің нәтижесі. Ол мектеп ішіндегі жарыстардан бастап, аудандық, қалалық сайыстарда да жүлделі орындарды иеленіп, үлкен белестерді бағындырды. Көптеген байқаулардан сүрінбей өтіп, ақыры республикалық деңгейдегі жарыстарда бас жүлдеге ие болды. Әр жарыста оның шеберлігі шыңдалып, тәжірибесі молая түсті.

Қазіргі таңда Жұлдызайдың туындылары тек байқауларда ғана емес, өнерсүйер қауымға да ұсынылып, сатылымға қойылды. Бұл оның шығармашылығының үлкен сұранысқа ие екенін көрсетеді. Оның әрбір картинасы өмірдің бір бөлшегін бейнелеп, көрерменді терең ойға жетелейді.

Жұлдызай – өнер көгінде жарқырай түскен жас талант. Оның алдында әлі де талай асулар мен биік белестер бар. Талант пен еңбекті қатар ұштастырған бұл дарынды қыздың болашағы жарқын, армандары асқақ екеніне күмән жоқ!

 

Захра ӘНУАРҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

 

06.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6663
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6789
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21773
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20385
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23875