Өнеркәсіп өркендей түсуде

Өнеркәсіп өркендей түсуде
 

Мемлекет басшысы биылғы қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Жалпы, инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттердің бірі» деп нықтап атап көрсетті. Экономиканың қарыштап өсуіне серпін беретін инвестиция тартуды жүйелі жүргізуде аудан, облыс әкімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Жолдау жүктеген міндеттерді орындауда Сарысу ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

– Биылғы он айда өнеркәсіп өнімі 62 миллиард 771 миллион 804 мың теңгені құрап, жоспар 102,9 пайызға орындалды. Инвестиция көлемі 23 миллиард 240 миллион теңгені құрады. Бөлшек сауда 1 миллиард 868 теңге болып, 106,3 орындалды. Шикізатты өңдеу, ірі өндірісті дамыту бағытында алдағы бес жылға инвестициялық даму жоспары жасқталған. Жалпы құны 891,1 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба әзірленді. Біздің алға қойып отырған мақсатымыз Мемлекет басшысының тапсырмасын ойдағыдай орындап, қосымша жобаларды тарта отырып, инвестиция көлемін 1 триллион теңгеге жеткізу, – дейді аудандық әкімдіктің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Оңласын Мұқашев.

Ауданда бүгінде 3939 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 3233-і белсенді қызмет жасап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,8 пайызға артыпты. Аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы 6 пайыздық жеңілдетілген несиелендіру бойынша барлығы 22 жоба мақұлданып, 133 миллион теңге қаржыға қол жеткізген. Сондай-ақ «КМҒ» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жамбыл филиалы Жаңатас бөлімшесі арқылы «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы аудан бойынша 870 миллион 185 мың теңге көлемінде 853 жобаға несие алған.

Бөлім басшысы «Бизнестің жол картасв-2025» бағдарламасы аясында жыл басынан бүгінге дейін 6 пайыздық жеңілдетілген несиенің кепілдік беру тетігі және пайыздық ставканы субсидиялау арқылы 857 миллион теңгенің 110 жобасы іске асырылғанын да жеткізді. Мұнымен қоса, инфрақұрылым тарату тетігі бойынша 2 миллиард 415 миллион теңгенің екі жобасы жүзеге асып, 20 миллион теңгеге «Қызылжар шаруа қожалығына электр қуатын тарту» жобасының құжаты дайындалып жатқан көрінеді.

Биыл 4,5 миллиард теңгеге «KazChemTradig» цемент зауытының құрылысы басталмақ. Зауыт толық іске қосылғанда 200 адам жұмысқа тартылатын көрінеді. Жалпы құны 356 миллиард 555 миллион теңгенің «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің екінші кезеңін іске қосу жүргізілуде. Іргелі өндіріс орны ашылғанда 1200 адам жұмысқа тартылмақ. 250 адам жұмыс істейтін 123, 5 миллиард теңгенің «КазахСода» зауытының құрылысы басталғанынан да шалғай өңірде өндірістің өркендей түскенін аңғарасың.

Сарысу ауданы
16.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 148
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 184
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 181
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 148
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 509
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 466

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9166
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8564
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11792
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9560
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10772