Өңір басшысы сайлаушыларды құттықтады

Өңір басшысы сайлаушыларды құттықтады

Сайлаушылардың алдыңғы легінде өңір басшысы Марат Ахметжанов отбасымен бірге облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында орналасқан №18 сайлау учаскесіне барып, дауыс беріп, журналистер сұрағына тыңғылықты жауап қатты.

Өңір басшысы:

– Бұл сайлаудың ел үшін маңызы ерекше. Бұл – Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы жалпыхалықтық сайлау үдерісі. Оның аясында азаматтар бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлайды. Бүгін еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды әрі жауапты күн. Ақмола облысында 518 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие. Сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымды білдіріп, Қазақстанның болашағына өз үлесіңді қосу мүмкіндігі. Өңір тұрғындарын өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, саналы таңдау жасауға шақырамын. Еліміздің болашағы осындай шешімдерден құралады», – деп, сайлаушыларды құттықтап, сұхбат соңында тұрғындармен емен-жарқын әңгімелесті.   Ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытуды өз парызы деп білген тұрғындар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады. Әрбір дауыс – елдің ертеңіне деген жауапкершіліктің, азаматтық ұстаным мен ортақ болашаққа деген сенімнің көрінісі. Сайлау үдерісіне белсенді қатысу арқылы ақмолалықтар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып қана қоймай, ел дамуының маңызды кезеңіне өз үлестерін қосты. Бұл күн тұрғындардың саяси сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігін танытқан маңызды сәт ретінде есте қалмақ. Себебі ел тағдырына қатысты шешімдерге әр азаматтың үн қосуы – қоғамның тұрақты дамуы мен болашаққа нық қадам басуының маңызды негіздерінің бірі.

Дахан ШӨКШИР,

Ақмола облысы

 

27.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰР АТАҚҚА ЕМЕС, ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ БОЛҒАЙ!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері - 26.08.2026 243

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27275
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26783
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44110
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39864
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44438