Өңір инвестициясы 18 пайызға өскен

Өңір инвестициясы 18 пайызға өскен

Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстың экономикалық өсімі 104,6 пайызды құраған. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласындағы өсім 4,1 пайызды құраса, ауыл шаруашылығы 2 пайызға жеткен. Ал, құрылыс 49,4, сауда 2,1 және байланыс 9,7 пайызға өскен. Сондай-ақ, өңірге тартылған инвестиция көлемі 18 пайызға артқан. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды. Басқосуда күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады. Сөзінше, есепті кезеңде бюджеттің кірістері 228,6 миллиард теңгені құрап, 109,8 пайызға орындалған. Сондай-ақ, басқарма басшысы осы жылдың бес айында облыс экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасып отырғанымен, өңірлер бөлінісіндегі бірқатар төмендеген көрсеткіштерге тоқталды. Сонымен қатар, тиісті салалық басқармалармен бірлесіп, 6 айдың қорытындысымен негізгі экономикалық көрсеткіштердің болжамды мәндеріне талдау жүргізіліп, оң динамика қалыптасуы күтілуде екендігін жеткізді. Ал, облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек облыс бюджетінің кірістері 228,6 миллиард теңгеге орындалғанын атап өтті.

Жиында аймақ басшысы Нұржан Молдиярұлы көрсеткіші төмен аудандардың жұмысын сынға алып, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Ол өз сөзінде жауаптыларға кәсіпорындар мен мекемелер жұмыстарының кедергісіз жүзеге асуына жағдай жасау, мәселелерді дер кезінде шешу, жеке инвестицияға айрықша назар аудару және инвестиция тарту бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

– Аудан әкімдері жаңаша көзқараспен жұмыс істеуі қажет. Статистикалық көрсеткіштерге негізделген дайын баяндаманы оқып берумен ғана шектелуге болмайды. Барлық деңгейдегі басшылар туындаған мәселелерді анықтап қана қоймай, оның шешу жолдарын да қарастыруы маңызды. Жауаптыларға төмен көрсеткіштерді 6 айдың қорытындысымен реттеуді, ол үшін бүгіннен бастап жұмыстарды жүйелеу қажеттігін тапсырамын, – деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, басқосу барысында өңірдегі сібір жарасы мен Конго- Қырым геморрагиялық безгегі ошақтарын жою және алдын алу мәселесі де қаралды. Нәтижесінде тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.

 

«Aq jol»-Aqparat.
22.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 357
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8432
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641