ӨҢІР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ӨҢІР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы – туризм саласын дамытуда әлеуеті жоғары өңір. Әсіресе, тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндіктер бар. Облыста туризм саласын дамытумен қатар ұлттық қолөнер ісін дамыту да жолға қойылған.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен облыс қолөнершілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша мәжіліс өтті. Жиын барысында облыстың саланы дамытуға, қолөнершілердің кәсібін өркендету мақсатында арнайы механизмдер енгізу бойынша ұсыныстар қаралды.
Жиынға Түркістан облысы Туризм басқармасының басшысы Нұрдаулет Медеуов, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразакова, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директор орынбасары Ербол Әуелбеков, «Qazaq-Oner Turkistan Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанболат Сүйімбай және «Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Индира Икапова қатысып, баяндама жасады.
Қазіргі уақытта Түркістан қаласының өзінде 40-тан астам қолөнерші жұмыс істейді. Мемлекеттік қолдау шарасын қабылдай отырып, қолөнершілер санын 100-ге дейін, ал дайын өнімді сатуды қолөнершілердің сериялық өндірістерді ашуы есебінен 2 есе ұлғайту күтілуде. Осы уақытқа дейін жергілікті қолөнершілердің ортақ мәселесі – өз өнімін ұсына алатын бірыңғай алаңның жоқтығы болып келеді. Бұл ретте, Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске асырылуда.
Басқосуда қолөнер шеберлері өзекті мәселелерді ортаға салып, өңірдің қолөнер саласын дамыту мен насихаттау бағытында ұсыныстарын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
02.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 46
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 105
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 49
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 48
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 105
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 135
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 138
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 128
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 134
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 141
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 134

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11264
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10200
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13447
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12401
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17409