ӨҢІРДЕ КӨШІ-ҚОН ЖАЛҒАСУДА

ӨҢІРДЕ КӨШІ-ҚОН ЖАЛҒАСУДА

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2026 жылда Әлеуметтік кодексі аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған. Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 800 отбасын (2820 адам) қабылдау жоспарланған. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 1873 адамнан тұратын 441 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. 

Осы отбасылар Астана қаласынан – 84 отбасы (271 адам), Түркістан облысынан – 90 отбасы (394 адам), Алматы облысынан – 59 отбасы (296 адам), Шымкент қаласынан – 47 отбасы (226 адам), Жамбыл облысынан – 37 отбасы (135 адам), Қызылорда облысынан – 32 отбасы (127 адам), Маңғыстау облысынан – 58 отбасы (299 адам), Алматы қаласынан – 19 отбасы (62 адам) және Жетісу облысынан – 15 отбасы (63 адам) көшіп келді.

Келген 1873 адамның арасынан 820-ы еңбекке жарамды жастағы адамдар (олардың ішінде: 590 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты), 945 бала, 43-і зейнеткер және 65-і студент. Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысына 2026 жылы 200 қандасты (58 отбасы) қабылдауға квота бөлінді. 2026 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша жалпы саны 54 адаммен 26 этникалық қазақ отбасы келіп, қандас мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 4 отбасы (4 адам), Монғолиядан – 1 отбасы (6 адам), Қытайдан – 15 отбасы (34 адам), Тәжікстан Республикасынан – 6 отбасы (10 адам) келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 21 адам. Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 45 отбасы (121 адам) енгізілді. Квотаға енгізілген адамдар арасынан 57-і еңбекке жарамды жастағы адамдар (олардың ішінде: 33 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты), 52 -і бала, 6-ы зейнеткер және 6-ы студент.

Нұрсайын ШӘРІП,

(СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі материалдары бойынша әзірленді)

 

19.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25904
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25353
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42757
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38587
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43151