Ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Шарипов келіп, жас мемлекеттік қызметшілермен семинар-кеңес өткізді.
Босқосуды аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев жүргізіп, жиынның мақсатына тоқталды.
Сонымен қатар, семинар-кеңеске аудан аумағындағы мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және мекеме-ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Семинарда сөз алған Руслан Шамелұлы биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталғанын, жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту екендігін жеткізді.
Жиында мемлекеттік қызметшілер өңірлік кадр резрвіне сәйкес туындаған сауалдарын қойып, жауаптар алды.