Өңірлік тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірлік тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Құрметті Әулиеата жастары!!!
Сіздерге арналып әзірленген өңірлік тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймын!
Облысымызда жастарды жарқын болашаққа ынталандыруға бағытталған бірқатар игі жобалар баршылық.
Соның бірі - «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы!
Өңірімізде 1,2 млн. астам халық тұрса, оның 355 мыңнан астамы (355 783) жастар.
Жалынды жастарды қолжетімді баспанамен қамту – облыс басшысының басты назарында!
Биыл «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасына құжаттар қабылдау а.ж. 1-10 қазан күндері аралығында e-jambyl.kz сайты арқылы қабылдануда.
Биыл аталған бағдарламаға Жамбыл облысында тұратын, жасы 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) барлық азаматтар қатысуға мүмкіндік алып отыр.
- Ең жоғары қаржы сомасы - 15 млн.теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме - 6%;
- Бастапқы жарна - 10% (1,5 млн. тг.);
- Несие беру уақыты - 19 жылға дейін.
2023 жылы аталған бағдарлама аясында 144 азамат баспаналы болса, биылғы жылы аталған жобаға 2 млрд. теңге қаражат (1 млрд. теңге жергілікті бюджеттен, 1 млрд. теңге «Отбасы банк» АҚ тарапынан) қарастырылып, 140-тан астам жасты баспанамен қамту жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда «Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек» - деп айтуының өзі сіздерге деген сенім мен үміттің қаншалықты маңызды екенінің айқын дәлелі!
«Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай мемлекет басшысы да, облыс әкімі де сіздерге сенім артады!
Сіздерді әр қашан да қолдауға дайын!
Жоғарыда аталған Бағдарлама аясында баспаналы болуларыңызға тілектеспін!
Серік Жақсылықұлы Сәлемов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
02.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281