Оқыту лагері ұйымдастырылды

Оқыту лагері ұйымдастырылды
 

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» «AULIEATA CAMP-2022» атты облыстық жастар оқыту лагерін ұйымдастырды. Төрт күнге созылған оқыту іс-шарасы Меркі ауданының Ойтал ауылдық округінде орналасқан «Мейірім-Меркі» шипажайында өтті.

Оқыту лагерінде жастар арасында зияткерлік, адами және ой ұшқырлығы әлеуетінің қалыптасуына ықпал етуге бағыттау, көшбасшылық қасиеттерді шыңдап, жастар саясатында жалпы жұмысты үйлестіруге баулу, мүмкіндігі шектеулі жастардың толыққанды дамуы мен лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға жан-жақты көмек көрсету мақсаты көзделді. Лагерьге 14-29 жас аралығындағы жастар, волонтерлер, аудандық, қалалық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, жастар ісі жөніндегі психолог, заңгер мамандар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Білімі мен дағдыларын арттыруға ниеттілердің жалпы саны 120 түрлі бағыттағы жастар болды. Қатысушылар түрлі аймақтар мен қызмет иелері болғандықтан оқыту лагерінің ең бірінші мақсаты – облыс жастары арасында ауызбіршілік пен достық қасиеттерді арттыру, жастар саясатына, көшбасшылыққа бет бұруға, бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруды көздеді.

Лагерь бағдарламасы төрт күнге негізделген семинар-тренингтерге, teambuilding ойындары, топтық жұмыстар мен түрлі байқаулардан және әр күнді қорытындылауға арналған кешкі бағдарламалардан тұрды. Қатысушылар 20-23 адамнан құралған 4 топқа бөлінді. Топтарға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсету үшін топ жетекшілері таңдалып алынды. Әр топ өздеріне «Тұмар», «Ұ-night», «JasStar», «JQJ» сынды креативті атаулар таңдап алды. Олар teambuilding ойындары мен түрлі әдістемелерді пайдалана отырып, өзара танысып, белсенді жұмыстар жасалды. Лагерьге қатысушылар топтық жұмыстардан бөлек, психологтарға, заңгерлерге, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне және волонтерлерге арналған арнайы семинарларға қатысып, пайдалы ақпараттар алып, өз салалары шеңберінде еркін пікір алмасты.

Жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне ҚР Жастар ісі жөніндегі бірінші ұлттық жаттықтырушылар пулының мүшесі, ЖРО-ны дамыту бойынша UNICEF-тің сертификатталған жаттықтырушысы Сабыржан Кеңшілік кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған тренинг өткізді. Оқыту лагеріне келген заңгер мамандар облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Жансұлтан Қалиев өткізген семинар-тренингке қатысып, біліктілігін арттырды.

Ал психолог мамандар БҰҰ-ның балалар қоры UNICEF-тің мастер-тренері, «100 жаңа есім» ұлттық жобасының кейіпкері, психолог маман Сымбат Абдырахманның «Психологиялық кеңес берудің базалық модельдері» тренингіне қатысып, кеңес беру әдістерін үйренді. Волонтер жастар облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Арайлым Әбдуалиева мен «Жаңатас жастары» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Бауыржан Балғабаймен еркін пікір алмасып, волонтерлік бағытты дамыту, командаларды жасақтау бойынша тренингтер өткізді. Мамандарға арналған семинарлардан кейін, лагерьдің арнайы қонақтары ҮЕҰ жетекшілер, үздік спортшылар, жеке кәсіпкерлер келіп жастармен еркін форматтағы кездесу өткізді.

Оқыту лагерінде тиімді тренингтер, лекциялар арқылы қатысушылардың тұлға ретінде дамуына және кәсіби өсуіне ықпал ету шарасы басты назарға алынды. Лагерь бағдарламасына сәйкес, облысқа кең таралған «QazIQ» интеллектуалды ойыны ойнатылып, қатысушылар логикалық тұрғыдан да сынға түсті. Күнделікті кешкі қорытынды бағдарлама бойынша топтар өнер мен креативтілік бойынша түрлі тапсырмалар орындап, жарыстарға қатысты. Лагерь бағдарламасының соңғы күнінде өзін үздік көрсете алған топтардың жалпы балдары есептеле отырып, арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Лагерь қорытындысы бойынша қатысушылар «AULIEATA CAMP-2022» облыстық жастар лагеріне қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Лагерьдің белсенді қатысушылары, байқауларда үздік деп танылған жастарға қосымша Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар берілді.

«Aq jol»-Aqparat»
16.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9169
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8567
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11795
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9563
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10775