Орал: Аға буынға құрмет – ұрпақ парызы

Орал: Аға буынға құрмет – ұрпақ парызы

Биылғы Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойын Орал қаласы бойынша 9 майдангер қарсы алады. Оларды Орал қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімдері мен қалалық мәслихат депутаттары арнайы құттықтап, құрмет көрсетеді.

 

Бұл туралы БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті баспасөз мәжілісінде Орал қаласы әкімінің орынбасары Аслан Тәпішев баяндады. – Ардагерлерге құрмет көрсету барысында барлық іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әрбір кездесу жан-жақты дайындықпен өткізіледі. Орал қаласының ішкі саясат бөлімі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап сыйлық себеттері мен құттықтау хаттарын әзірлеуде. Сонымен қатар «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 80 жыл» мерейтойлық медальдері әрбір округтегі ардагерлерге салтанатты түрде тапсырылады, – дейді Аслан Нұрланұлы. Айтуынша, қарт майдангерлер –  «Халық қаһарманы» Иван Степанович Гапич пен Вениамин Пантелеевич Скаленкоға мерейтойлық төсбелгіні облыс және қала басшылығы 9 мамыр күні арнайы үйлеріне барып табыстайды. 98 жасқа толатын еңбек ардагері Жайсаң Ақбайға да мереке күнінде құрмет көрсету жоспарлануда.  

Облыс орталығындағы Ұлы Жеңіс күніндегі мерекелік іс-шаралар ертемен «Қазақ халқының даңқты қыздары» және «Ол күндердің даңқы өшпейді», сондай-ақ Т.Масин мен Г.Жуков ескерткіштеріне, «Бауырластар зиратына» гүл шоқтарын қойып, Отан үшін от кешкен батырлардың ерлігіне тағзым етумен басталады. Бұдан әрі оралдықтар Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алауға» жанына жиналып, майдан даласында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді. 

Биыл әлеуметтік қолдау аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – әрқайсысына 5 миллион теңгеден; сондай-ақ Чернобыль апатының зардаптарын жоюға атсалысқан мүгедектерге, Тәжік-Ауған шекарасында қызмет еткен әскери қызметшілерге, таулы Карабахтағы қақтығыстарға қатысқан және басқа да радиациялық апаттар салдарынан мүмкіндігі шектелгендерге әрқайсысына100 мың теңгеден ақшалай қаражат беріледі. Ал Ауғанстандағы әскери қимылдар салдарына мүгедектік алған азаматтарға – 80 мың теңгеден, тыл еңбеккерлері санатына кіретіндерге 50 мың теңгеден төлем беріледі. Қаланың орталық даңғылдары мен көшелеріндегі LED экрандарда құттықтау бейнероликтері мен архивтік кадрлар көрсетіледі. Қала аумағында орналасқан баннерлерге «Ұлы Жеңіске – 80 жыл» тақырыбында құттықтаулар орналастырылды.

Сонымен қатар облыстық Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры мен А.Островский атындағы орыс драма театры көрермендерге «Мәншүк» және «Сарбаз» қойылымдарын ұсынбақ. Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Не для меня придет весна» қойылымы сахналанады. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай музей қоры негізінде көрмелер жасақталды.

Тәуелсіздің елдің ұрпағына бейбіт заман сыйлаған ардагерлер – қандай құрметке де лайық. Олардың ерлігі ұрпақ жадынан ешқашан өшпек емес!

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы

 

08.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6902
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 7033
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 22023
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20633
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 24126