«Орал» халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі беріледі

«Орал» халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі беріледі
Қазақстан Үкіметі «Орал» халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы қаулы қабылдады.
«Орал» халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мәншүк Мәметованың есімі берілсін», делінген құжатта.
Қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өткен жылы қоғам белсенділері мен депутаттар әуежайға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсыныс айтқан болатын.
Мәншүк Мәметова Орал облысы Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген.
1942 жылдың тамызында өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысқан.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк Мәметова өзінің мергендігімен және батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған шешуші ұрыста қазақтың батыр қызы пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
28.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 533
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 534
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 563

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13622
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13593
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28711
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27381
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30895