Орал: Жаңа кеме тыныштық күзетіне аттанды

Орал:   Жаңа кеме тыныштық күзетіне аттанды

Орал қаласындағы «Зенит» зауытында дайындалған «Семей» деп аталатын жаңа күзет кемесі суға түсіріліп, еліміздің қорғаныс саласының қызметін күшейтуге аттанды. 

Бұл салтанатты шараға қатысқан Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев: 

– Кеме мемлекеттік шекараны күзетуге және қорғауға арналған. Осының арқасында заңсыз кеме қатынасына, контрабандалық операцияларға, рұқсатсыз балық аулау, шекараны заңсыз кесіп өту және басқа да қауіп-қатерлерге тосқауыл қойылады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, кемені жобалауға, құрастыруға және жабдықтауға атсалысқан барлық қызметкерлерге шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің, адал еңбектеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіздің арқасында бүгін біз еліміздің игілігіне қызмет ететін тағы бір кемені суға жіберіп отырмыз, – деді өзінің құттықтау сөзінде. 

Жайық өзенінен – Каспий теңізіне жол тартатын су көлігі мемлекеттік шекара шебін күзету мен қорғау қызметін атқаратын болады. Яғни, «Семей» кемесі заңсыз тасымалдау, контрабанда, заңсыз балық аулау, шекараны заңсыз кесіп өту әрекеттерінің және басқа да қылмыстардың тез арада жолын кесуге арналған.

Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жұмысшы мамандықтар» деп жарияланғаны белгілі. Ал аталған күзет кемесін іске қосуға «Зенит» зауытындағы кеме жасаушы жұмысшылардың жұмыла еңбектенгені анық. Сонымен қатар бұл жобада білімі мен шеберлігі елдің қорғаныс әлеуетінің негізі саналатын инженерлер мен дизайнерлердің де қолтаңбасы бар. Олар осылайша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып қана қоймай, мемлекеттің дамуындағы жұмысшы мамандық иелерінің орны айрықша екенін дәлелдеді.

«Семей» кемесі – отандық мамандардың көпжылғы еңбегінің тағы бір жемісі. 1941 жылы негізі қаланған Оралдағы «Зенит» зауыты – еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі байырғы маңызды кәсіпорындардың бірі. Зауыт Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға және отандық кеме жасауды дамытуға қолдау көрсетуге елеулі үлес қосып келеді. Еліміз тәуелсіздік алғалы зауыт ұжымы мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын тұрақты орындаумен қатар жоғары технологиялық қайықтар мен «Сұңқар», «Бүркіт», «Барыс» секілді арнайы мақсаттағы кемелерді шығарды. Бұл кәсіпорын 1993 жылдан бастап «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіреді. 15 адамға арналған жылдамдығы жоғары әскери кеме екі жыл ішінде құрастырылыпты. Теңіздегі шекара сақшылары қолданатын күзет кемесінің командирі Жеткерген Айдаров «Айбар» жобасы арқылы жасалған кеменің барлық қажетті құрылғылармен жабдықталғанын жеткізді. «Зенит» зауытында жасалған 36-шы кеме Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тапсырысы бойынша жасалды. 

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

БҚО Орал қаласы

 

26.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 84
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 78
РУАНДА – ЕЛІМІЗДІҢ АФРИКАДАҒЫ ДОСЫ
Нағашыбай Қабылбек - 28.05.2025 54
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 75
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ
Ш.МЕКЕНБАЙ, Түркістан облысы - 28.05.2025 70

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13175
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13154
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28272
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 26962
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30448