Оралда 37 отбасы баспаналы болды

Оралда 37 отбасы  баспаналы болды

Орал қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа баспаналардың кілттерін Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев табыстап, қоныс иелерін қуанышты сәттерімен құттықтады.

– Баршаңызды жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту мақсатында осындай игі істер жүзеге асырылуда. Сіздердің де қуанышты сәттеріңіз көбейе берсін. Еліміздегі әр отбасы бақытты болсын! – деді Жандос Асхатұлы.

Пәтерлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес және «Отбасы банк» АҚ арқылы жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аясында берілді.

Нәтижесінде 37 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Баспаналар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бөлінді.

Жаңа үйге қоныстанған отбасылар үшін бұл күн – көптен күткен қуанышты сәт. 

– Тұрғын үй кезегінде 15 жылға жуық уақыт тұрған едік. Осы жылдар ішінде өз баспанамыз болса екен деген арманымыздан ешқашан үміт үзген жоқпыз. Бүгін сол арманымыз орындалып, жаңа пәтердің кілтін қолымызға алып отырмыз. Бұл – отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Біз сияқты көптеген отбасының баспана мәселесін шешуге қолдау көрсетіп жатқан мемлекетке алғысымызды білдіреміз, – деді қала тұрғыны Сырымбет Габдолов.

Баспана – әр шаңырақтың берекесі мен тұрақтылығының негізі. Сондықтан тұрғындарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар облыс орталығында алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

БҚО, Орал қаласы

12.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25790
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25241
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42652
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38494
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43051