Оралда «Еңбек кубогы» волейбол турнирі өтті

Оралда   «Еңбек кубогы»   волейбол турнирі өтті

Орал қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған «Еңбек кубогы – 2025» волейбол турнирі өз мәресіне жетті.

Аталған спорттық іс-шараның басты мақсаты – еңбек адамдарының арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті арттыру және спорт арқылы өзара ынтымақтастықты нығайту болды. Жарысқа облыс орталығындағы 10 мекеменің жұмысшы мамандары қатысып, қызу ойын үлгісін көрсетті.

Тартысты өткен ойындардың нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда, «Орал локомотив пайдалану депосы» командасы жеңіске жетсе, «БҚО кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұжымы екінші орынды иеленді. Ал «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлері жүлделі үшінші орынға табан тіреді. Сонымен қатар, ойын барысында үздік өнер көрсеткен қатысушылар арнайы аталымдармен марапатталды. Мысалы, Татьяна Булекова («БҚО кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі) «Үздік шабуылшы» атанса, Бауыржан Бахтияров (Орал локомотив пайдалану депосы) «Үздік ойыншы» деген аталымға ие болды.

Турнир барысында әділқазылар мен ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары спорттық деңгейі мен ұйымшылдығын атап өтті. Жарыс соңында барлық командалар мен үздік ойыншылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған шараның жоғары деңгейде өтуіне Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау білдірді.

«Еңбек кубогы – 2025» турнирі еңбек адамдарының бірлігі мен жігерін, сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар жылының» маңызын айқындаған жарқын спорттық шара болды.

 

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

БҚО Орал қаласы

 

07.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 707

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19633
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19445
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34571
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33136
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36956